Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы селоның аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 71/8 шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 39-3 - бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығымен бекітілген, Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы селоның аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қоса беріліп отырған Қағидалары бекітілсін.
2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы селоның әрбір көшесі тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы көше тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % (пайыз), бірақ 1 (бір) адамнан кем емес және 3 (үш) адамнан аспайтын мөлшерде бекітілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы |
Н. Макраев |
Екібастұз қалалық
мәслихатының 2023 жылғы
13 қазандағы № 71/8
шешімен бекітілген
Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы селоның аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу
Қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер