«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 17 бұйрығы (күші жойылды)

 «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 17 бұйрығы

 

ҚР Жоғарғы Сотының төрағасының 2025 жылғы 6 мамырдағы № 1 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 12 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20197 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларында:

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін магистратураға түсетін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және мына құжаттарды қолма-қол табыстайды (бұдан әрі - Өтініш):

1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

2) жоғары білім туралы құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (құжаттың қосымшасымен бірге);

3) мемлекеттік тапсырыс шеңберінде түсуші тұлғаларға - осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басшының қолы қойылған жұмыс орнынан жолдама (бұдан әрі - Жолдама);

4) мемлекеттік тапсырыс шеңберінде түсуші тұлғаларға - жұмыс орнынан заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетілген анықтама;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.