«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1056 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 339 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
144-11-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық жобаларын, сондай-ақ активтерді қайтару туралы Заңның 32-бабының 1-тармағына сәйкес активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның шығыстарын қаржыландыру мақсатында орталық мемлекеттік органның арнаулы шотына республикалық бюджет комиссиясының шешімімен және әлеуметтік, экономикалық жобалардың мақұлданған Тізбесімен қоса төлеуге берілетін шот негізінде аударылады.
Тиісті саланың орталық уәкілетті органының арнаулы шотынан қаражат республикалық бюджет комиссиясының шешімімен және әлеуметтік және экономикалық жобалардың мақұлданған Тізбесімен қоса төлеуге берілетін шот негізінде тиісті саланың жергілікті уәкілетті органының арнаулы шотына аударылады.»;
170-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«170. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының мынадай:
ауруларды шетелде емдеуді көздейтін шығыстарды төлеу үшін 70 пайыздан;