«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 25/6 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2025 жылғы 14 мамырдағы № 41/3 шешімі

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 25/6 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2025 жылғы 14 мамырдағы № 41/3 шешімі

 

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 25/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7753-15 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызмет алушы (не нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі-мемлекеттік корпорация) және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталына мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінуге құқылы:

1) Мемлекеттік корпорацияға:

Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз тұлға ретінде тіркелгені туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алынатын алименттер туралы мәліметтер;

банктік шот;

тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;

телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.