«Турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсия жүргізуші және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 249 бұйрығы (2026.02.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсия жүргізуші және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 249 бұйрығы

(2026.02.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2021.28.07. № 236 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Туризм және спорт министрінің 2026.14.07. № 124 бұйрығымен (2026 ж. 2 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

ҚР Туризм және спорт министрінің 2024.24.01. № 28 бұйрығымен (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Туризм және спорт министрінің 2025.15.07. № 131 бұйрығымен (2025 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 117) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2021.28.07. № 236 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Туризм және спорт министрінің 2026.14.07. № 124 бұйрығымен (2026 ж. 2 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Осы бұйрыққа:

1) 1-қосымшаға сәйкес турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысаны;

2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысаны;

3) 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын экскурсия жүргізуші қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысаны;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.