«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 11 маусымдағы № 428 Қаулысы

«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 11 маусымдағы № 428 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларында:

10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Түгендеу карточкасының тақырыбы мүліктің кімге берілгені, сондай-ақ мүліктің берілген күні туралы мәліметтерді қамтиды. Мүлікті өткізу кезінде түгендеу карточкасында бюджетпен немесе Арнаулы мемлекеттік қормен есеп айырысу мерзімдері, төлем құжатының (құжаттарының) нөмірі мен күні көрсетіледі.»;

20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Ақша түрiндегі мүлiк бюджет кiрiсiнің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың есебіне жатқызылады. Шетел валютасы операция жасалған күнi айқындалған валюта айырбастаудың ресми бағамы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдары арқылы бюджет кiрiсiнің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың есебіне жатқызылады. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған айырбасталмайтын шетел валютасын қабылдау, сақтау, өткізу, сондай-ақ оларды өткізуден түскен ақшаны бюджеттің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың есебіне жатқызу тәртібі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жекелеген негіздер бойынша мемлекеттің меншігіне айналдырылған шетел валютасымен операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 63 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.