Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 481 «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 292 Қаулысы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2021 жылғы 20 қазандағы № 481 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақтың 37) және 38) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«37) орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының және ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;