(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ПАТЕНТ ҚҰНЫН ЕСЕПТЕУ (911.00-НЫСАН)» САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІ...

 Осы редакция 2019 жылғы 13 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2018 жылғы 12 ақпандағы

№ 166 бұйрығына

68-қосымша

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2018 жылғы 12 ақпандағы

№ 166 бұйрығына

69-қосымша

 

 

«Патент құнын есептеу (911.00-нысан)» салық есептілігінжасау

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Патент құнын есептеу (911.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және «Патент құнын есептеу»-ге арналған патент алу үшін салық есептілігі нысанын (есепті) (бұдан әрі - есеп) жасау тәртібін айқындайды. Патент құнына жеке табыс салығы (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда) және әлеуметтік төлемдер кіреді. Есепті патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер жасайды.

2. Есеп есептің өзінен (911.00-нысан) және патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану үшін қажетті ақпаратты көрсетуге арналған қосымшадан (911.01-нысан) тұрады.

3. Есепті толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде есептің тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Есепке қосымша есепте тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдар толтырылған кезде міндетті тәптіпте жасалады

6. Есепке қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда есепке қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

7. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «-» - алу; «х» - көбейту.

8. Соманың теріс мәні есептің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «-» белгісімен белгіленеді.

9. Есепті жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық нысанда - Салық кодексінің 208-бабына сәйкес толтырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.