Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 1/191 Қаулысы
Осы редакция 2021 жылғы 9 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. «Алматы қаласы Мәдениет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ж. Бабақұмаровқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласының әкімі | Б. Сагинтаев |
2021 жылғы 17 наурыздағы
№ 1/191 Қаулысына 1-қосымша
Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің
Мемлекеттік тізімі
| № | Ескерткіштің атауы | Ескерткіштің түрі | Ескерткіштің орналасқан жері |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Қорған | археология | Жандосов көшесінің, 20, 22 линиялары, Тәжібаева көшесі, 37. Автокөлік еңбек өнімділік-2-нің шығыс және оңтүстік-шығыс жағында, мектептің жанында (N-43013'62,4'', E-076053'26,9'') |
| 2. | Қорған Ерте темір дәуірі | археология | 2-Жылу электр орталығынан солтүстікке қарай 3 километр, «Батыс» зиратының аумағында, жолдың сол жағында (N-4318802, E-07648557) |