«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 641 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 339 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
38-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоғары тұрған бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттер бойынша төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтінім төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттің тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне береді, оның негізінде жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы тарауда белгіленген тәртіппен жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға өтінім ұсынады.»;
40-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: