Мерзімді баспа басылымдарының заңдарды және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуына конкурс өткiзу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 762 Қаулысы
(2026.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2021.22.06. № 428 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.09.02. № 103 Қаулысымен (2023 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.14.07. № 615 Қаулысымен (2026 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Үкіметінің 2022.02.03. № 105 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2021.22.06. № 428 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.09.02. № 103 Қаулысымен (2023 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.14.07. № 615 Қаулысымен (2026 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Мерзімді баспа басылымдарының заңдарды және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуына конкурс өткiзу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қазандағы № 1118 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 34, 369-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 ақпандағы № 99 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 46-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.