«Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 677 бұйрығы
(2020.08.12. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17459 болып тіркеліп, 2018 жылғы 10 қазанда нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларында:
88-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: