(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТӘУЕЛСІЗ САРАПТАМА КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫН БЕКІТУ ТУР...

Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 456 бұйрығы

(2021.25.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Кадрлық өзгерістерге байланысты және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларының 20-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЬІН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамы бекітілсін.

2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.С. Ысмағұлова) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен (Г.С. Нығыметов) бірлесе отырып, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлерді іріктеу үшін тәуелсіз сараптама комиссиясы отырысының өткізілуін ұйымдастырсын.

3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 449 бұйрығы;

2) «Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 449 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 250 бұйрығы.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күніне енеді.

 

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.