«Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ сот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды және экстремизмді жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ сот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 24 наурыздағы № 49 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 29 наурыздағы № 78 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды және экстремизмді жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 24 наурыздағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13613 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды және экстремизмді жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: