«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 350 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 410 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 350 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 410 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11637 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидаларында:

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Радиожарықтехникалық жабдықтар мен байланыстың бұрын салынған нысандары үшiн электрмен жабдықтау үзiлiсiнiң рұқсат етілген уақыты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларында (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген) (бұдан әрі - Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормалары) көрсетiлген уақытқа сәйкес келеді.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Әуеайлақтардың электр жарығымен сигнал беру жабдықтарының жүйесi толық дұрыс iстегенде немесе осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген оттардың рұқсат етілген бөлiгi iстен шыққан болса ғана ол ұшуды пайдалану талаптарына сай келедi. Электр жарығының жабдығы жартылай істен шыққан кезде пайдалануға шектеулер осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген, бұл ретте ұшуды жалғастыруға рұқсат етіледі немесе минимум көтеріледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.