«Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 шілдедегі № 377 бұйрығы

«Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 шілдедегі № 377 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8328 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ереженің 15-тармағының 643-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық қаржылық есептілік стандартында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Ұлттық қаржылық есептілік стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Бухгалтерлік есеп туралы заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ереженің 15-тармағының 643-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және қаржылық есептілік қағидаттары мен сапалы сипаттамаларын және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ қызметінің айрықша түрі шетелдік валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың (бұдан әрі - субъект) бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау тәртібін айқындады.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.