«Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 395 бұйрығы (күші жойылды)

«Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 395 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 586 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күшi жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19327 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 4 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарда:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. ҮИЖ жұмысы:

1) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген деректерді тіркеу және беру функциясы бар бір және (немесе) бірнеше бақылау-касса машинасынан тұратын (бұдан әрі - БКМ) бақылау құрамдасын;

2) қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған бір және (немесе) бірнеше жүйеден тұратын (құрылғы) ҮИЖ төлем құрамдасын;

3) ҮИЖ есепке алу құрамдасын (сауданың басқарылуын, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыруға арналған, сондай-ақ осы Талаптың 14-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген функциялардың орындалуын қамтамасыз ететін бағдарлама) қамтитын аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып қамтамасыз етіледі.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. ҮИЖ:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.