«Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 383 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 318-НҚ бұйрығы

«Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 383 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 318-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 383 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29542 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидаларында:

2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) меценаттық қызмет - меценаттың Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес ғылымды, инновацияларды, білімді, мәдениетті, өнерді, спорттық шеберлікті дамытуға, қоғам мен мемлекеттің тарихи және этномәдени игілігін сақтауға өзінің ізгілік еркі негізінде қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі қызметі;»;

4-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ғылым, инновациялар, білім, мәдениет, өнер, спорт саласында қайырымдылық көмек көрсету, сондай-ақ қоғамның тарихи және этномәдени игілігін сақтауға көмектесу;».

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.