Өскемен қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 14/3-VIII шешімі
(2024.23.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 17 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2024.25.01. № 15/2-VIII шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.15.03. № 17/2-VIII шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.23.04. № 19/3-VIII шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.04.06. № 22/2-VIII шешімімен (2024 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.16.07. № 23/3-VIII шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.23.08. № 24/4-VIII шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2024-2026 жылдарға арналған қаланың бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес тиісінше, соның ішінде 2024 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 113 837 660,9 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 65 753 257,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 012 774,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8 243 831,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 38 827 798,3 мың теңге;
2) шығындар - 110 560 845,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 660 721,5 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 660 721,5 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 2 616 093,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -2 616 093,9 мың теңге;
қарыздар түсімі - 3 501 270,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 7 970 217,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 852 853,1 мың теңге.