«Электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 404 бұйрығы

«Электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 404 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15045 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жылу электр станцияларындағы 30 % - дан астам ұшпа заттардың шығуымен қоңыр көмірлерді жағу кезінде газ-мазуттық отын шығысының нормаларын есептеу әдістемесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жылу электр станцияларындағы 20 % - дан аз ұшпа заттардың шығуымен тас көмірлерді жағу кезінде газ-мазуттық отын шығысының нормаларын есептеу әдістемесі;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жылу электр станцияларының энергия блоктарының жеке қажеттіліктеріне арналған бу мен конденсат шығысының нормаларын есептеу әдістемесі;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Кернеуі 35-500 киловольт кіші станциялардың жеке қажеттіліктеріне арналған электр энергиясы шығысының нормаларын есептеу әдістемесі;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Жылу электр станцияларының су дайындайтын қондырғыларының технологиялық мұқтаждықтарына арналған жылу шығысының нормаларын есептеу әдістемесі;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшағасәйкес Кернеуі 220 киловольт кіші станцияларды жөндеуге арналған материалдар мен бұйымдар шығысының нормаларын есептеу әдістемесі;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Шудың рұқсат етілген деңгейлері бойынша жылу электр станцияларының өндірістік үй-жайларының сыныптауышын айқындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.