«Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 14 ақпандағы № 52 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19188 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:
308-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«308. Тасымалдаушының Тарифтік нұсқаулығына (прейскурантына) сәйкес бес еселенген мөлшерге дейін сақтау үшін ұлғайтылған алым жүк қабылдаушыны алымды ұлғайту туралы хабарландыру ілінгеннен кейін межелі станцияға жүктің келгені туралы хабардар еткен сәттен бастап қырық сегіз сағат өткен соң қолданылады. Жүктерді сақтау үшін алымның бес есеге дейін ұлғайтылған мөлшерін есептеу жиырма төрт сағаттан аспайды.»;