Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу қағидалары мен әдістері (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығына 2-қосымша) (2025.14.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

ҚР Ішкі істер министрінің 2025.28.03. № 228 бұйрығымен қағидалары мен әдістері жаңа редакцияда (2025 ж. 14 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2015 жылғы 7 желтоқсандағы

№ 998 бұйрығына

2-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу

қағидалары мен әдістері

(2025.14.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу қағидалары мен әдістері (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына (бұдан әрі - ІІО) қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістерін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда қолданатын негізгі ұғымдар:

1) лауазымдық талаптар - лауазымның біліктілік талаптары, негізгі тиімділік көрсеткіштері, қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері (цифрлық рейтингі);

2) синтез әдісі - объектілерді, құбылыстарды (процестерді) және мөлшерлерді біріктіру тәсілдері мен заңдылықтар жиынтығы;

3) талдау әдісі - объектілердің, құбылыстардың (процестердің) және мөлшерлердің құрылымдық бөліктерге бөлудің тәсілдер мен заңдылықтар жиынтығы;

4) ІІО-ға қызметке кандидаттардың кәсіби құзыреттерінің үлгілік моделі - әрбір құзыреттің мазмұнын сипаттай, әрбір құзыретке сәйкес келуіне кандидатты бағалау нысандарын сипаттай отырып, ІІО-ға қызметке кандидаттың меңгеруі тиіс кәсіби құзыреттердің құрылымдық ресімделген тізбесі.

 

 

2-тарау. Кәсіби құзыреттерді айқындау тәртібі мен әдістері

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.