Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетілетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерiн бекiтуге арналған өтiнiмдерді, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаның жобасын қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 219 бұйрығы
(2015.24.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015.24.07. № 567 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015.24.07. № 567 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және 14-1-бабы 1-тармағынының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015.24.07. № 567 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетілетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерiн бекiтуге арналған өтiнiмдерді, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаның жобасын қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;