2022-2024 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 113 шешімі
Осы редакция 2022 жылғы 1 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2022 - 2024 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 74 673 008 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 49 980 525 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 352 789 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 390 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 18 949 694 мың теңге;
2) шығындар – 70 063 008 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 1 138 313 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 1 415 086 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 276 773 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицитi) – 3 471 687 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) – - 3 471 687 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсiмi – 1 415 086 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 4 886 773 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.
2. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-бабына сәйкес, 1-тармағының 1), 2) тармақшаларда қаралғандарды қоспағанда, түсімдер Ақтөбе қаласының бюджеті кірісіне толық есептелсін.
3. Ақтөбе облыстық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімімен салықтар түсімдерінің жалпы сомасы Ақтөбе қаласына мынадай мөлшерде бөлінуі белгіленгені ескерілсін:
1) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 38 пайыз;
2) әлеуметтік салық бойынша 38 пайыз;