«Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 225 бұйрығына өзгеріс пен толықтыруды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 5 ақпандағы № 38 бұйрығы

 «Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 225 бұйрығына өзгеріс пен толықтыруды енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 5 ақпандағы № 38 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервіне операция жасау, орнын ауыстыру, пайдалану, материалдық құндылықтарды толықтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 225 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9508 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервіне операция жасау, орнын ауыстыру, пайдалану, материалдық құндылықтарды толықтыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) жаңа редакцияда бекітілсін;

осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Зардап шеккен халық үшін шатырлы қалашығының құрылымы» Қағидаларға қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамсыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.