Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 Өкімі
(2023.20.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 жылғы 26 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес және Қазақстанның мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынуды, оларды есепке алу мен сақтауды ретке келтіру мақсатында:
1. Ұсынылып отырған:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулық (№ 1 қосымша);
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілері (№ 2 қосымша);
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасы бекітілсін (№ 3 қосымша).
ҚР Президентінің 2013.28.05. № 205 Өкімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын және олардың құжаттарын сатып алу, есепке алу мен сақтау тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлеп, бекітсін.
3. Осы Жарлықтың 2-тармағында көзделген Нұсқаулықтың талаптары мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін, өздеріне қатысты бөліктерінде, міндетті деп белгіленсін.
| Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінiң
1999 жылғы 8 қарашадағы
№ 90 өкімімен бекітілді
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және
оларды тапсырудың тәртібі туралы
Нұсқаулық
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен
наградтауға ұсынудың тәртібі
ҚР Президентінің 2008.01.12. № 278 Өкімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)