«Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 413 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 508 бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 205 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 413 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 16096 болып тiркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылғы 14 желтоқсанда жарияланған) бұйрығында:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайда электр энергиясына шекті тарифтердің құрамдас бөлігі болып табылады және электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтары үшін мына формула бойынша айқындалады:
мұндағы:
ТП- тіркелген пайда;
База1 - электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тобына енгізілген энергия өндіруші ұйымдар арасындағы электр энергиясын өндіруге арналған 2018 жылдың максималды шығындары негізіндегі тіркелген пайданы есептеуге арналған база, теңгемен;
k = 0 - 2019-2025 жылдарға арналған түзету коэффициенті.