(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) КЕДЕНДІК ТРАНЗИТ КЕДЕНДІК РӘСІМІНЕ СӘЙКЕС ТАСЫМАЛДАН...

Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждар мен салықтарды
төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеудің ерекшеліктері
және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған соманы есептеу тәртібі туралы
келісім
(Санкт-Петербург қ., 2010 жылғы 21 мамырда)

(2011.19.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 10 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР 2010 жылғы 30 маусымдағы № 325-ІV Заңымен ратификацияланды

2011 жылғы 3 маусымда күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,

2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кедендік аумақ және кеден одағын қалыптастыру туралы шартқа негізделе отырып,

Кеден одағы кеден кодексінің 84-бабының 2-тармағына, 85-бабының 5-тармағына, 93-бабының 3-тармағына, 217-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес,

Кеден одағының үшінші елдермен саудасына қолайлы жағдайды қамтамасыз ету, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикалық ықпалдасуын дамыту мақсатында,

Халықаралық сауданың жалпы қабылданған нормалары мен ережелерін мойындай отырып,

Халықаралық құқықтың жалпы қабылданған принциптері мен нормаларын басшылыққа ала отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Осы Келісім тауарларды кеден одағының кеден аумағы бойынша кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес өткізу кезінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қабылдауды растайтын құжаттарды толтыру мен ұсыну тәртібін, нысанын, кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың тұрған орнын белгілеу (растау) тәртібін, Тараптардың осындай тауарларға қатысты бюджеттері арасында өндіріп алынған соманы есептеу тәртібін және кедендік баждар мен салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктерін айқындайды.

 

 

2011 ж. 19 желтоқсандағы Хаттамамен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-бап

 

Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай негізгі терминдер мен олардың анықтамалары пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.