«Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 432 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 9506 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, сондай-ақ балансында қорғаныш құрылыстары бар ұйымдар жүргізеді.
Теңгерімінде азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары бар мемлекеттік органдар мен ұйымдар жыл сайын тиісті жылдың 1 желтоқсанына дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне қорғаныш құрылыстарының жай-күйі туралы ақпарат береді.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының тізбесін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.
Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының тізбесін түзету тиісті жылдың 1 қаңтарына жағдай бойынша жыл сайын жүзеге асырылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: