(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША ДОКТОРАНТУРАНЫҢ МЕМЛ...

Осы редакция 2016 жылғы 29 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

және әлеуметтік даму министрінің м.а.

2015 жылғы 31 шілдедегі

№ 647 бұйрығына

1-қосымша

 

Медициналық мамандықтар бойынша докторантураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру

стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

 

1. Осы медициналық мамандықтар бойынша докторантураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және PhD докторантураның білім беру бағдарламаларының мазмұнына, докторанттардың білім траекториясына, білім беру құрылымы мен мазмұнына, докторанттардың даярлық деңгейін және 6D11 «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» мамандықтары бойынша академиялық дәрежелерін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.

Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) дескрипторлар (descriptors) - студенттердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламаларын аяқтаған соң ие болатын білім, білік, дағды және құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы, дескрипторлар оқыту нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ кредиттерінің жалпы санына (сынақ бірліктеріне) негізделеді;

2) докторантура - философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі беріле отырып, ғылыми және педагог кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламасы;

3) докторант - докторантурада білім алушы адам;

4) докторлық диссертация - теориялық қағидалар жиынтығын жаңа ғылыми жетістік деп тануға болатын немесе маңызды әлеуметтік-мәдени немесе экономикалық мәні бар ғылыми мәселе шешілген не оны енгізу елдің экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосатын ғылыми дәлелденген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдері берілген, дербес зерттеу болып табылатын ғылыми жұмыс;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.