Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 11 маусымдағы «2024 жылға пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялардың тізбесі мен нормаларын бекіту туралы» № 189 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 295 Қаулысы
Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 11 маусымдағы «2024 жылға пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялардың тізбесі мен нормаларын бекіту туралы» № 189 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 197874 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
2024 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 295 Қаулыға қосымша
2024 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормалары