«Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 671 бұйрығы

 «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 671 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жол жүрісі қағидаларында:

2-тармақта:

мынадай редакциядағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

«18-1) жарық шағылыстыратын зат – жарық сәулесін көзге қайтрау мүмкіндігі бар арнайы материалдардан жасалған, жүргізушінің жақын жарық фаралары қосылғанда жүз елу метр және алыс жарық фаралары қосылғанда төрт жүз метр қашықтықта көрінуін қамтамасыз ететін зат, оның ішінде жарық шағылыстыратын киім, киімдегі жарық шағылыстыратын элемент;»;

19) және 49) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«19) жаяу жүргінші - жолда көлік құралынан тыс жүрген және онда жұмыс жүргізбейтін адам. Жаяу жүргіншілерге мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбалармен қозғалатын, велосипед, электр самокат, шағын электр көлігі құралын, мопед, мотоцикл жүргізетін, шана, арба, балалар арбасын алып жүретін жеке тұлғалар теңестіріледі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.