«Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 3-3/373 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 132 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 3-3/373 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7864 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидасында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидалары»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 1998 жылғы 9 шілдедегі «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 13-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу тәртібін айқындайды.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: