«Панфилов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «Панфилов ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 8-14-68 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жетісу облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 сәуірдегі № 8-41-179 шешімі

Панфилов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «Панфилов ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 8-14-68 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жетісу облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 сәуірдегі № 8-41-179 шешімі

 

Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Панфилов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «Панфилов ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 8-14-68 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 190912 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Панфилов ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет) көрсетіледі.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Әлеуметтік көмек алушылардың санатының тізбесі және шекті мөлшерлері:

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері - 509 (бес жүз тоғыз) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;

2) Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:

оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;

Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;

бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.