«Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалаумен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 234 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалаумен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 234 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9795 тіркелген,2014 жылғы 20 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Функциялары:

1) электр энергетикасы және атом энергиясын пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

2) реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және өз құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;

3) ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және адам мен азаматтың құқықтарымен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, оларды министрліктердің актілерінде бекіту бойынша тікелей құзырет болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

4) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

5) ведомствоның өкілеттіктеріне жатқызылатын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.