(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕР ЖӘНЕ БАНК ҚЫЗМЕ...

Предыдущая страница

2. Уəкілетті органның банк (Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалын) ашуға рұқсаты берілген күннен бастап бір жыл ішінде өтініш беруші уəкілетті органға уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша банк операциялары мен өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алуға өтініш беруге тиіс.

Банк операциялары мен өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алуға өтініш бергенге дейін өтініш беруші жоспарланып отырған банк операциялары мен өзге де операцияларды жүзеге асыруды бастауға байланысты барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде:

уəкілетті органның жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сəйкес келетін үй-жайды, жабдықты жəне бухгалтерлік есепке алу мен бас бухгалтерлік кітапты жүргізуді автоматтандыру бойынша бағдарламалық қамтылымды дайындауға;

осы Заңның 31-бабының 1-тармағында көзделген операциялар жүргізудің жалпы шарттарын айқындайтын қағидаларды жəне өзге де ішкі қағидаларды бекітуге;

уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сəйкес банк қызметі мен өзге де қызметті жүзеге асыруға байланысты, оның ішінде тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру үшін қажетті ішкі құжаттарды бекітуге тиіс.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды  (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2-1. Қазақстан Республикасының резидент - заңды тұлғаларының банк операцияларын жəне өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алғаш рет алуы үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) өтініш, онда өтініш беруші жоспарланып отырған банк қызметі мен өзге де қызметті жүзеге асыруды бастауға байланысты барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараның орындалғанын растайды;

2) өтініш беруші жарғысының нотариат куəландырған көшірмесі;

3) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

4) осы Заңның 20-бабының талаптарына сəйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдарды келісу үшін көзделген құжаттар;

5) уəкілетті органның тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сəйкес келетін өтініш берушінің таяу үш жылға арналған даму стратегиясының көшірмесі.

Өтініш берушінің даму стратегиясына өтініш берушінің ұйымдастырушылық құрылымы туралы, өтініш берушінің өтініш берілетін қаржы жылына арналған бюджеті туралы ақпарат, оның ішінде өтініш берушінің пруденциялық нормативтерді орындағаны туралы болжамды деректер, сондай-ақ, егер өтініш берушінің бас ұйымының банк холдингі мəртебесін иеленуі банк конгломератын құруға алып келсе, құрамына өтініш беруші кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің болжамды есебі енгізіледі.

Егер өтініш қаржы жылы аяқталғанға дейін екі айдан аз уақыт бұрын берілсе, өтініш берушінің даму стратегиясына осы тармақшаның екінші бөлігінде көзделген өтініш берілетін жылдан кейінгі қаржы жылына арналған ақпарат қосымша енгізіледі;

6) қызметкерлердің тегі, аты жəне əкесінің аты (егер ол жеке басын куəландыратын құжаттарда көрсетілсе) көрсетілген штат кестесі;

7) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде ең төмен мөлшері белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері;

8) адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың жəне оған қоса берілетін құжаттарды көшірмелері.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 2-2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2-2. Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалының банк операцияларын жəне өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алғаш рет алуы үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы баптың 2-1-тармағының 1), 3), 4), 5) жəне 8) тармақшаларында көзделген құжаттар;

2) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің басқару органы бекіткен филиал туралы ереженің көшірмесі;

3) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің Қазақстан Республикасының аумағында өзінің филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдау туралы жəне мұндай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің балансында есепке алу туралы жазбаша міндеттемесі (растауы);

4) лицензияның (рұқсаттың) шеңберінде рұқсат етілген банк операцияларының жəне өзге де операциялардың тізбесі көрсетіліп, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің банк операцияларын жəне өзге де операцияларды жүргізуге арналған қолданыстағы лицензиясының (қолданыстағы рұқсатының) көшірмесі - осы Заңның 13-1-бабының 2-тармағында көзделген Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі жүзеге асыруға құқылы банк операцияларының жəне өзге де операциялардың тізбесі өзгерген немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі жаңа лицензия (жаңа рұқсат) алған жағдайда беріледі.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды  (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

2-3. Уәкілетті орган «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат берген күннен бастап бір жыл ішінде өтініш беруші осы баптың 2-тармағында көзделген барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға және уәкілетті органның рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін жүгінуге тиіс.

3. Жұмыс істеп тұрған банк қосымша банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алу үшін:

1) қосымша банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияны алу үшін өтініш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердің орындалуын қамтамасыз етуге;

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуын қамтамасыз етуге;

3) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы қағиданы ұсынуға тиіс.

4. 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Уәкiлеттi орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны беру туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін құжаттар ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс.

Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде берілген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

6. Ұлттық және (немесе) шетелдiк валютамен банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензия шектеусiз мерзiмге берiледi.

7. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензия үшiншi адамдарға берiлуге жатпайды.

8. Банк операцияларының және өзге де операциялардың барлық түрлерi оларды жүргiзу құқығы лицензияда тiкелей көрсетiлген кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 9-тармақ өзгертілді

9. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны беру туралы шешiм қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің интернет-ресурсында орналастырылады.

10. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияның тиiстi түрде куәландырылған көшiрмесi банк клиенттерiнің көруiне қолжетімді жерге орналастырылуға жатады.

 

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 27-бап өзгертiлдi; 2008.23.10. № 72-IV Заңымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара) 27-бап жаңа редакцияда; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 27-бап өзгертілді; 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

27-бап. Банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беруден бас тарту негіздері

1. Банк операциясын немесе өзге де операцияны жүргізуге лицензия беруден бас тарту:

1) осы Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарында, 52-17-бабының 5-тармағында белгіленген талаптардың кез келгені сақталмаған;

2) құрамына банк кіретін банк конгломераты белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді өтініш берілгенге дейін алты ай кезеңінде сақтамаған;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) осы Заңның 42-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру жөніндегі талап орындалмаған;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 2-2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2-2) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінде Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мəні бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруды жоспарлап отырған банк операцияларына жəне өзге де операцияларға ұқсас банк операцияларын жəне өзге де операцияларды жүргізуге арналған қолданыстағы лицензиясы (қолданыстағы рұқсаты) болмаған;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

2-3) банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалын ашуға бұрын берілген рұқсаттың күші жойылған;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 2-4) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

2-4) өтініш берушінің даму стратегиясы жəне (немесе) өзге де ұсынылған құжаттар уəкілетті органның тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сəйкес келмеген жəне (немесе) мыналарды:

алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейін өтініш беруші қызметінің рентабельді болатынын;

өтініш берушінің жəне (немесе) құрамына өтініш беруші кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерді орындайтынын;

өтініш берушіде оның қызметінің жоспарларына сəйкес келетін ұйымдастырушылық құрылымның бар екенін растайтын мəліметтер ұсынылмаған;

3) банктің жарғылық капиталының мөлшері, құрамы және құрылымы осы Заңның 16-бабының талаптарына сәйкес келмеген;

4) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) лицензия алу үшін ұсынылған құжаттардағы мəліметтер мен ақпарат анық емес болған;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге арналған лицензияны алуды қалайтын заңды тұлғаның басшы қызметкері осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес келмеген, тағайындауға (сайлауға) ұсынылатын кандидаттардың арасынан басшы қызметкерге келісім берілмеген (жаңадан құрылатын банк, ашылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы үшін);

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

6) осы Заңның 20-бабының 1-1-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлерінің ішінде кемінде екі Қазақстан Республикасының резидент-басшы қызметкердің болуы жөніндегі талап сақталмаған жағдайларда жүргізіледі.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, лицензия беруден бас тартуды алған жағдайда, өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және лицензия беруден бас тартуды жіберуге негіз болған түзетілген құжаттарды ұсына отырып, лицензия алуға өтінішпен қайта жүгінеді.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша лицензия беруден бас тартуды алған жағдайда, өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және келісім беруден бас тартылған адамдардың орнына осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттарын ұсына отырып, лицензия алуға өтінішпен қайта жүгінеді.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 28-бап өзгертiлдi; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

28-бап. Банкінің құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар

1. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2-1. Құрылтай құжаттарына енгізілетін, Корпорацияда қайта тiркелудi талап ететiн өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды мемлекеттiк тiркегеннен кейiн банк қайта тіркеу күнінен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде уәкiлеттi органға Корпорацияның белгiсi мен мөрi соғылған құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.

Құрылтай құжаттарына қайта тіркелуді қажет етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда банк Корпорацияның банктің хатын қабылдап алғаны туралы белгісі соғылған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға банктің осы хатының көшірмесін, сондай-ақ құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.

3. Банктi банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым ретiнде ерiктi түрде қайта құру шарты, негiзi және тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.

 

ҚР 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 29-бап өзгертiлдi; 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда; 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) Заңымен; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 29-бап өзгертiлдi

29-бап. Банктің филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу

1. Қазақстан Республикасының резидент-банкі банктің директорлар кеңесінің шешімі негізінде уәкілетті органның келісімінсіз Қазақстан Республикасының аумағында да, сонымен қатар одан тысқары жерлерде де өзінің оқшауланған бөлімшелерін - өз филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқылы.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертiлдi (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Банк өзінің филиалы мен өкілдігі Корпорацияда есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде олардың ашылғаны туралы уәкілетті органға:

1) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2) Корпорацияның белгісі мен мөрі соғылған филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;

3) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

4) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, жазбаша хабарлауға міндетті.

3. Қазақстан Республикасы аумағында банктің филиалын немесе өкілдігін құруға, жабуға жергілікті өкілді және атқарушы органдардың келісімі талап етілмейді.

2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Банктің филиалы - заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банк атынан банк қызметін жүзеге асыратын және өзіне банк берген өкілеттік шегінде әрекет ететін банктің оқшауланған бөлімшесі. Банк филиалының банкпен бірыңғай балансы, сондай-ақ банк атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.

Банк филиалы бір облыс шегінде бірнеше мекен-жай бойынша орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы.

Банк филиалы астанада және (немесе) республикалық маңызы бар қалада орналаса отырып, бірнеше мекенжай бойынша:

астанада және (немесе) республикалық маңызы бар қалада;

астанаға (республикалық маңызы бар қалаға) іргелес жатқан облыс шегінде орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы.

5. Банктің өкілдігі - заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банктің атынан және оның тапсыруы бойынша әрекет ететін, банк қызметін жүзеге асырмайтын банктің оқшауланған бөлімшесі.

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Филиалды Корпорацияда есептік тіркеген күннің немесе жұмыс істеп тұрған банк филиалының қосымша, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы үй-жайларының санын ұлғайту туралы банк шешім қабылдаған күннің алдындағы үш ай ішінде уәкілетті органның немесе соттың банкке осы Заңның 47-2-бабының 1-тармағында көзделген санкцияны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде, 227-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаларды қолданбауы банктің филиалдар ашуының, филиалдардың қосымша, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы үй-жайларының санын ұлғайтудың міндетті шарты болып табылады.

Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайларының саны ұлғайған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндетті шартты орындау туралы талап Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылады.

7. Қазақстан Республикасының резидент банкі соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша банктің қызметі залал шекпеген жағдайда өкілдігін ашуға құқылы.

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 8-тармақ өзгертілді

8. Филиал, өкілдік туралы ережелерге Корпорацияда есептік қайта тіркелуді талап ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының резидент-банкі Корпорацияда есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға филиал, өкілдік туралы ережелерге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.

Филиал, өкілдік туралы ережелерге Корпорацияда есептік қайта тіркелуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының резидент-банкі Корпорацияның банктің хатын қабылдап алғаны туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға банктің көрсетілген хатының көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережелерге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті.

Банк филиалының қосымша үй-жайларының саны ұлғайған, банк филиалы үй-жайларының саны азайған немесе банк филиалы үй-жайларының орналасқан жері өзгерген жағдайда, банк филиалының қосымша үй-жайларының санын ұлғайту, банк филиалы үй-жайларының санын азайту немесе банк филиалы үй-жайларының орналасқан жерін өзгерту туралы банк шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде банк уәкілетті органға осындай шешімнен банк филиалының көрсетілген үй-жайларының мекенжайлары қамтылған үзінді-көшірмені ұсынуға міндетті.

Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайларының саны ұлғайған, оның үй-жайларының саны азайған немесе орналасқан жері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайларының санын ұлғайту, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалы үй-жайларының санын азайту немесе олардың орналасқан жерін өзгерту туралы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы уәкілетті органға филиалдың осындай шешімінен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының көрсетілген үй-жайларының мекенжайлары қамтылған үзінді-көшірмені ұсынуға міндетті.

8-1. Банк - Қазақстан Республикасының резиденті Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органының ақпарат алмасу туралы келісімі болған жағдайда ғана филиал ашуға құқылы.

9. Қазақстан Республикасының резидент банкі Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде филиалдары мен өкілдіктерін ашқан жағдайда, мемлекеттің тиісті органында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттің тиісті органында тіркелгендігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, олардың ашылғаны туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлауға міндетті.

10. Қазақстан Республикасының резидент емес банкі өз өкілдігін уәкілетті органның келісімін алмастан ашуға құқылы.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

11. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің өкілдігі Корпорацияда есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ашылғаны туралы: