2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Банк клиенттерді тарту жөніндегі, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі шарттың (келісімнің) негізінде банкке қызметтер көрсететін тұлғаның (бұдан әрі - банкке қызмет көрсететін тұлға) құқыққа сыйымсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін банктің аталған тұлғамен жасалған тиісті шартының (келісімінің) талаптары бойынша жауапкершілікте болады.
Банк пен банкке қызметтер көрсететін тұлға арасындағы шарт (келісім) клиентке қарап шығуы үшін ұсынылуға жатады және онда банкке осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған қызметтерді көрсететін тұлғаның құқыққа сыйымсыз әрекеттері үшін банктің клиент алдындағы жауапкершілігі міндетті түрде қамтылуға тиіс.
Банк және банкке қызметтер көрсететін тұлға арасында жасалған шарт (келісім) негізінде банкке қызметтер көрсететін тұлға қызметінің тәртібі уәкілетті орган бекітетін банкке клиенттерді тарту, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларында белгіленеді.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 31-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
31-1-бап. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржы өнімдерін бекітуі туралы хабардар етуі
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органды банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржы өнімдерін бекітуге уәкілетті органының қаржы өнімдерін бекітуі туралы олар бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым олардың бекітілгендігі туралы уәкілетті органды хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржы өнімдерін бекітуі туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 32-бап өзгертілді
32-бап. Банкінің банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын ашу жөніндегі мiндетi
1. Банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары ашық ақпарат болып табылады және ол коммерциялық немесе банк құпиясының мәнi бола алмайды. Бұл қалып осы Заңға сәйкес банк құпиясына не қолданылып жүрген заңдарға сәйкес коммерциялық құпия санатына жатқызылған нақты банк операциясын жүргiзу шарттарына қолданылмайды.
2. Банкiлер клиенттiң бірiншi талап етуi бойынша банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттар туралы ережесін беруге мiндеттi.
3. Банкiлердiң клиентке банк операциясын жүргiзуге байланысты ықтимал тәуекелдер туралы ақпарат беруден бас тартуға құқығы жоқ.
4. 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. Ислам банктері клиенттерге осы Заңның 52-5-бабында көрсетілген банк операциялары ерекшеліктерін және солармен байланысты тәуекелдерді түсіндіруге міндетті.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
6. Банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алғаннан кейін банк он жұмыс күні ішінде клиенттерге микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен, жүргізілетін банк операцияларының және өзге де операциялардың тізбесін көрсете отырып, микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастырудың жүргізілгені туралы хабарлама жібереді.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
7. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған банктің, талаптарды қарыз алушылар үшін жақсарту жағына қарай өзгертуді қоспағанда, микрокредит беру туралы шарттардың талаптарын өзгертуіне тыйым салынады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 33-бап өзгертiлдi
33-бап. Банк пен клиент арасындағы қатынастардың шарттық сипаты
1. Банкiлер арасындағы, сондай-ақ банкiлер мен олардың клиенттерi арасындағы қатынастар, егер Қазақстан Республикасының Заңдарында өзгеше көзделмесе, шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Банк клиенттерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кредитор-банктi хабардар ете отырып, басқа банктерде банктiк шоттар ашуға құқылы.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Осы Заңның 46-бабы 1-тармағының бірінші бөлігі 2), 3), 5), 8), 9) және 10) тармақшаларының, 47-1-бабының 2-тармағы 2), 3) және 5) тармақшаларының, 48-1-бабы 1 және 7-тармақтарының, 59-3-бабы 5 және 7-тармақтарының, 61-6-бабы 3-тармағының, 61-8-бабы 4-тармағының, 61-9-бабы 2 және 3-тармақтарының, 61-10-бабы 1-тармағының, 61-11-бабының 13-тармағы 1) тармақшасының, 61-12-бабы 4-тармағының, 61-13-бабы 2-тармағының, 65-бабы 2-тармағының, 73-бабы 1 және 4-1-тармақтарының, 74-3-бабы 5-тармағының, 74-5-бабы 2, 3, 4, 5 жəне 6-тармақтарының ережелері бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуға және (немесе) тарату неттингіне қатысты қолданылмайды.
Бас қаржылық келісім тараптары бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуды және (немесе) тарату неттингін жүзеге асырады (қолданады).
Бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылған (қолданылған) талаптарды есепке жатқызу және (немесе) тарату неттингі нәтижесінде туындаған (есептелген) нетто-талап осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген кредиторлармен есеп айырысу қағидаларына сәйкес жалпы негіздерде қанағаттандырылады.
11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 572-II; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 34-бап өзгертiлдi; 2005.12.23 № 107-III тақырыбы жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 34-бап өзгертiлдi; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 34-бап өзгертiлдi (бұр.ред.қара)
34-бап. Банктік қарыз операциясы
1. Банкпен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен жасалған банк қарызы, лизинг, факторинг, форфейтинг операцияларын жүзеге асыру, вексельдердi есепке алу, кепiлдiктер, кепiлдемелер, аккредитивтер шығару шарттары туралы ақпарат Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасында айқындалған шарттарда мемлекет қатысатын кредиттік бюроға міндетті түрде беруге жатады.
2015.17.07. № 333-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара);
2. Банктік қарыз шартын жасасу тәртібі, оның ішінде банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптар, қарызды өтеу графигінің нысандары және қарыз алушыға-жеке тұлғаға арналған жадынамалар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген талаптар ескеріле отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
2-1. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және олар қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылды) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шартының талаптарын, қарыз алушы үшін оларды жақсарту талаптарын қоспағанда, біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы емес.
Осы тармақтың мақсаттарында қарыз алушы үшін банктік қарыз шартының талаптарын жақсарту деп:
банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты көрсетілетін қызметтер үшін комиссияларды және өзге де төлемдерді азайту жағына қарай өзгерту немесе толық күшін жою;
тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгерту немесе толық күшін жою;
банктік қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгерту;
банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді кейінге қалдыру, оның ішінде мерзімді əскери қызмет өткеру мерзімін жəне ол аяқталғаннан кейінгі 60 күнді қамтитын кезеңге кейінге қалдыру жəне (немесе) ұзарту;
Алтыншы абзацтың күші орындалмаған ақшалай міндеттемелер бойынша бұрын жасалған банктік қарыз шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылды
қарыздың шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына ауыстырған кезде шетел валютасымен берілген ипотекалық қарыз бойынша ақшалай міндеттемені азайту жағына қарай өзгерту түсініледі.
Банктік қарыз шартында қарыз алушы үшін жақсарту талаптарының қосымша тізбесі көзделуі мүмкін.
Төртінші бөліктің күші орындалмаған ақшалай міндеттемелер бойынша бұрын жасалған банктік қарыз шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылды
Осы тармақтың екінші бөлігінің алтыншы абзацында көзделген жағдайды қоспағанда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жақсарту талаптарын қолданған жағдайда, қарыз алушы банктік қарыз шартында көзделген тәртіппен, сондай-ақ «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сəйкестендіру құралдарын қолдану арқылы банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыз алушы - жеке тұлғаны сəйкестендіруді жүзеге асыру мүмкіндігін беретін ақпараттандыру объектілері (бұдан əрі - ақпараттандыру объектілері) арқылы банктік қарыз шарты талаптарының өзгергені жөнінде хабардар етіледі.
Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қарыз бойынша ай сайынғы төлемдерді ұлғайтпай, банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды жəне (немесе) бөліп төлеуді ұсынуы қарыз алушының келісімі болған кезде жүзеге асырылады.
Қарыз алушы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде банктік қарыз шартында көзделген тəртіппен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қолданған жақсарту талаптарынан бас тартуға құқылы.
Алтыншы бөліктің күші орындалмаған ақшалай міндеттемелер бойынша бұрын жасалған банктік қарыз шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылды
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру мақсатында осы тармақтың екінші бөлігінің алтыншы абзацында көзделген жақсарту талабын қолданған жағдайда, мұндай талап туралы хабарландыру жарияланады. Хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушыдан және (немесе) кепіл берушіден жазбаша қарсылықтың болмауы қарыз алушының және (немесе) кепіл берушінің осы тармақтың екінші бөлігінің алтыншы абзацында көзделген жақсарту талабын қолдануға келісуі ретінде қаралады.
3-1. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шарты бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен қарыз бойынша сыйақыны есепке жазбай, мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілерге мерзімді əскери қызмет өткеру мерзімін жəне ол аяқталғаннан кейінгі 60 күнді қамтитын кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсынуға міндетті.
Мерзімді əскери қызметке шақырылған əскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың болуы не болмауы, ол бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мəліметтерді алмасу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен мемлекеттік органдардың жəне банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда дербес деректерді жинау, өңдеу жəне пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
4. Кез келген валютаның баламасына таңылып, теңгемен берілген банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені және төлемдерді индекстеуге жол берілмейді. Бұл шектеулер банктердің арасында жасалатын шарттарға қолданылмайды.
5. Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген тұлғаларға банктік қарыздар беруге тыйым салынады.
2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-1. Жеке тұлға банктік қарыздар алудан ерікті түрде бас тартуын «кредиттік бюрода не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тегін белгілеуге не оны алып тастауға құқылы.
2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 5-2-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5-2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5.2. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз беру туралы шешім қабылданғанға дейін алған жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның банктік қарыз алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның оған банктік қарыздар беруіне тыйым салынады.
Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның жеке тұлғаға жұбайының (зайыбының) келісімінсіз банктік қарыздар беруіне тыйым салынады, келісімді алу тəртібі жəне келісім қажет болатын банктік қарыздың ең төмен мөлшері уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиент-жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның банктік қарыз алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) келісімінсіз банктік қарыз берген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жеке тұлғадан осындай банктік қарыз бойынша міндеттемелерді орындауды талап етуге құқылы емес.
Жеке тұлғаның банктік қарыз алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде оған банктік қарыз беруге тыйым салу жеке тұлғаның банктік қарызы бойынша берешегін өтеу мақсатында немесе республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде төлем картасы бойынша белгіленген кредиттік лимит шеңберінде банктік қарыз беру жағдайларына қолданылмайды.
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген, жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның банктік қарыз алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) келісімінсіз банктік қарыз беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, мынадай шараларды қабылдайды:
клиенттің осындай банктік қарыз бойынша берешегін есептен шығару туралы шешім қабылдайды;
клиенттің осындай банктік қарызы бойынша берешекті өндіріп алуды жəне талап-арыз жұмысын тоқтатады;
осындай банктік қарыз бойынша ақпарат туралы жазбаларды жою арқылы клиенттің кредиттік бюролардағы кредиттік тарихына түзетулер енгізеді;
осындай банктік қарыз бойынша сыйақының жəне (немесе) тұрақсыздық айыбының бұрын ұсталған (төленген) сомаларын клиентке қайтаруды жүзеге асырады.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5-3-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5-3. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктік қарыз жəне (немесе) микрокредит бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғаға кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз беруіне тыйым салынады.
Бұл тыйым жеке тұлғаның кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарызын жəне (немесе) микрокредитін өтеу мақсатында сыйақы мөлшерлемесін жəне (немесе) мерзімді төлемдер мөлшерін азайту жағына қарай өзгертуді жəне (немесе) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгертуді немесе толық жоюды көздейтін жақсарту талаптарында банктік қарыз беру жағдайларына қолданылмайды.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5-4-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5-4. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым сомасы уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келмейтін тұтынушылық банктік қарыз беруге құқылы емес.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5-5-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5-5. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның жеке тұлғаны биометриялық сəйкестендіруді жүргізбей онымен Интернет арқылы банктік қарыз шартын жасасуына тыйым салынады, оны жүргізу тəртібін уəкілетті орган айқындайды.
6-тармақтың қолданысы 2011 ж. 10.02. № № 406-IV ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға қолданылды
6. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның мынадай:
1) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның жаңа қарыздар беруді жүзеге асырмау құқығы туындайтын, банктік қарыз шартында көзделген;
2) қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның алдындағы өз міндеттемелерін бұзған;
3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін мониторинг нәтижелері бойынша анықталған қарыз алушының қаржылық жағдайы нашарлаған;
4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктік қарыз шартын тиісінше орындауына әсер ететін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары өзгерген жағдайларды қоспағанда, жасалған банктік қарыз шартының (шарттарының) шеңберінде жаңа қарыздар беруді біржақты тәртіппен тоқтата тұруға құқығы жоқ.
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 6-1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1. Қарыз алушы - жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты бойынша банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу міндеттемесін орындау мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік тоқсан күні өткен соң есепке жазылған сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлды), сондай-ақ қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді төлеуді талап етуге тыйым салынады.
Осы тармақтың талабы банктік қарыз шартына, егер оны жасасу күні негізгі борыш сомасы тіркеуге жататын мүлік кепілімен және (немесе) ақша кепілімен толық қамтамасыз етілген болса, қолданылмайды.
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 6-2-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
6-2. Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шартын орындау талаптарын өзгерту немесе жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарызын өтеу мақсатында жаңа қарыз беру кезінде негізгі борыш сомасына капиталдандырылған (жинақтап қосылған) мерзімі өткен сыйақыға, тұрақсыздық айыбына (айып пұлдарға, өсімпұлдарға), қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерге сыйақыны есепке жазуға жол берілмейді.
7. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қарыз алған қарыз алушы - жеке тұлға, қарыз берілген күннен бастап банк есептеген сыйақыларды төлей отырып, банктік қарыз шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде қарызды қайтаруға құқылы.
Осы тармақта көзделген жағдайда, қарызды қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыбы немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлері алынбайды.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және олар қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылды); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 7-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-1. Жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы жүргізген төлем сомасы, егер ол қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындауы үшін жеткіліксіз болса, қарыз алушының берешегін мынадай кезектілікпен өтейді:
1) негізгі борыш бойынша берешек;
2) сыйақы бойынша берешек;
3) осы Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы;
5) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есепке жазылған сыйақы;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер;
6) кредитордың орындауды алу бойынша шығасылары.
Мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік тоқсан күні өткеннен кейін жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы жүргізген төлем сомасы, егер ол қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындауы үшін жеткіліксіз болса, қарыз алушының берешегін мынадай кезектілікпен өтейді:
1) негізгі борыш бойынша берешек;
2) сыйақы бойынша берешек;
3) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы;
4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есепке жазылған сыйақы;
5) осы Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 5-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-1) қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге төлемдер бойынша берешек;
6) кредитордың орындауды алу бойынша шығасылары.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Банктiк қарыз операциялары банктiң, ипотекалық ұйымның немесе агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымның басқару органы бекiтетiн Ішкi кредит саясаты туралы қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
9. Банктiң кредит комитетi ішкi кредиттік саясатты жүзеге асыратын орган болып табылады.
10. Iшкi кредиттік саясат туралы қағидалар банктiк қарыз операцияларын жүзеге асыру кезiнде тәуекелдi төмендету мақсатында жасалады және мыналарды:
1) жеке және заңды тұлғаларға кредиттер беру шарттарын;
2) лауазымды адамдар мен банк қызметкерлерiне кредит беру шарттарын;
3) кредиттік комитеттiң ұйымдық құрылымын, функциясын және өкiлеттiгiн;
4) кредиттік комитет мүшелерiнiң жауапкершiлiгiн;
5) кредит берудiң лимиттерін;
6) кредиттік шарттарды бекіту рәсiмiн;