2) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан банк тартқан депозиттер мен өзге де қаражат бойынша үшінші тұлғаларға ұсынылатын шарттарға қарағанда жоғары сыйақы төлеу;
3) кепілдерді, кепілдіктерді, кепілгерліктерді немесе міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің өзге де тәсілдерін үшінші тұлғалармен жасалатын ұқсас операциялар бойынша талап етілетіннен төмен мөлшерде қабылдау;
4) сыйақы алу, негізгі борышты және (немесе) банк операциялары үшін өзге де төлемдерді өтеу бойынша үшінші тұлғалармен жасалатын ұқсас операцияларға қарағанда мерзімін көбірек етіп кейінге қалдыруды ұсыну;
5) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға сатып алынатын мүлікке және (немесе) көрсетілетін қызметтерге құны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден асатын мәміле немесе мәмілелер жиынтығы бойынша үшінші тұлғаларға осыған ұқсас сатып алынатын мүлік және (немесе) көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге қарағанда жоғары бағамен ақы төлеу;
6) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға мүлікті осыған ұқсас мүлікті үшінші тұлғаларға сатқаннан төмен немесе нарықтық құнынан төмен құн бойынша сату;
7) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға бағалы қағаздарды осыған ұқсас бағалы қағаздарды үшінші тұлғаларға сатқаннан төмен немесе нарықтық құнынан төмен құны бойынша сату;
8) уәжді пайымдауды пайдалану жолымен бұрын уәкілетті орган жеңілдікті жағдайлары бар мәмілелерге жатқызған мәмілелерді жасау.
Мәмілелерді жеңілдікті жағдайлары бар мәмілелерге жатқызудың қосымша өлшемшарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп мыналар танылады:
1) осы банктің лауазымды адамы немесе басшы қызметкері, өкілеттіктеріне активтерді иеліктен шығару, кепіл нысанасын өзгерту және кепілді тоқтату (борышкердің банк алдында кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерін өтеу немесе банктің кепілді өндіріп алу жағдайларын қоспағанда) туралы шешімдер, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленгеннен жоғары мөлшерлерде банктік қарыздарды және банк кепілдіктерін беру туралы шешімдер қабылдау кіретін директорлар кеңесі комитеттерінің және тиісті органының басшылары және тұрақты мүшелері, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) және жақын туыстары;
2) осы банктің ірі қатысушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға не банктің ірі қатысушысының лауазымды адамы, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар орналастырылған акциялардың (артықшылықты және сатып алынған акцияларды қоспағанда) немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің он және одан көп пайызын иеленетін не лауазымды адамдары болып табылатын заңды тұлға;
5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланыстылық белгілеріне сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлға.
Уәкілетті орган уәжді пайымдауды пайдалану жолымен жеке немесе заңды тұлғаны банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жатқызуға құқылы. Бұл жағдайда банк уәкілетті органның қадағалап ден қоюдың тиісті шарасын алған күннен бастап банк осы жеке немесе заңды тұлғаны онымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға деп таниды.
Тәуелсіз директор, банктің акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан көп пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ банктің тәуелсіз директор болып табылатын лауазымды адамы басқару органдарында тәуелсіз директор болып табылатын заңды тұлғалар, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым және акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын сауда-саттықты ұйымдастырушы, егер банктің лауазымды адамы осы ұйымдарда лауазымды адам болып табылған жағдайда, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де тұлғалар осы баптың мақсаттары үшін банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылмайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларды тану мақсаттары үшін:
осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында банк деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі түсініледі;
осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында банк деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі түсініледі;
осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында банк деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы түсініледі.
4. Банк қандай да бір тұлғамен құны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден асатын және:
банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға алдындағы міндеттемелерге ақы төлеуге;
банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан қандай да бір мүлікті сатып алуға;
банктің меншігіндегі бағалы қағаздарды қоспағанда, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға эмиссиялаған бағалы қағаздарды сатып алуға алып келетін мәмілені жасаса алмайды.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле, банктің директорлар кеңесі осындай мәмілелердің үлгілік шарттарын бекіткен және үшінші тұлғалармен жасалған ұқсас мәмілелерге қолданылатын жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, банктің директорлар кеңесінің шешімімен ғана жасалуы мүмкін.
Банктің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымдарын қоспағанда, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға (тұлғаларда) берілген (орналастырылған) активтерге қатысты талап ету құқықтарынан бас тарту акционерлердің жалпы жиналысын кейіннен хабардар ете отырып жүзеге асырылады.
Осы баптың 3-тармағында аталған тұлға банк пен:
оның өзі;
кез келген жақын туысы немесе өзінің жұбайы (зайыбы);
өзі немесе жақын туыстарының бірі, жұбайы (зайыбы) лауазымды адамы (тәуелсіз директорды қоспағанда) немесе ірі қатысушысы болып табылатын кез келген заңды тұлға арасындағы кез келген мәміле бойынша шешімдерді қарауға және қабылдауға қатыспауға тиіс.
Банк және банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға арасындағы кез келген мәміле бойынша директорлар кеңесінің шешімі директорлар кеңесі оның барлық шарттарын қарағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін.
Осы тармақтың және осы баптың 1-тармағының талаптарын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолдану мақсаттары үшін банктің директорлар кеңесі деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті басқару органы түсініледі.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6. Банк банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар туралы, сондай-ақ осы тұлғалармен жасалған барлық мәмілелер туралы ақпаратты уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беруге міндетті.
7. Осы баптың талаптары банк холдингтеріне және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
Банк конгломератымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
8. Осы баптың 1, 2 және 4-тармақтарының талаптары осы Заңның 11-2-бабында айқындалған шарттарда құрылған (сатып алынған) еншілес ұйым бас банкпен немесе банк конгломератының құрамына кіретін еншілес ұйыммен жасайтын мәмілелерге қолданылмайды.
Осы баптың 4-тармағының талаптары банктің осы Заңның 11-2-бабында айқындалған шарттарда құрылған (сатып алынған) еншілес ұйымынан және (немесе) еншілес банктің еншілес ұйымынан мүлікті сатып алуға алып келетін, банктің үшінші тұлғалармен жасаған мәмілелеріне де қолданылмайды.
9. Осы баптың талаптары мынадай шарттардың бірі орындалған кезде:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингі, банк холдингінің белгілері бар тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының көрсетілген Қазақстан Республикасының бейрезидент-тұлғаларының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болса;
уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болса, банк холдингі, банк холдингінің белгілері бар тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қолданылмайды. Ең төмен рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 40-1-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
40-1-бап. Банк омбудсманы, оның мəртебесі, оны сайлау тəртібі жəне өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату
Банк омбудсманының өкілдер кеңесі, оның құзыреті
1. Жеке тұлғаның жəне банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру туралы келісімге қол жеткізу мақсатында, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда жеке тұлға банкпен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен жасасқан банктік қарыз шартынан туындайтын келіспеушіліктерді оның жолданымы бойынша реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тəуелсіз жеке тұлға банк омбудсманы болып табылады.
Банк омбудсманы өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) тараптардың тең құқықтылығы;
3) банктік жəне өзге де заңмен қорғалатын құпияны сақтау;
4) тараптардың құқықтарын сақтау жəне заңмен қорғалатын мүдделерін құрметтеу;
5) шешім қабылдау рəсімінің айқындылығы мен шешімнің негізділігі.
2. Банк омбудсманы жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы жəне осындай қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға арасында туындайтын келіспеушіліктерді қарыз алушының жүгінуі негізінде реттеуді жүзеге асырады.
Банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін сатып алған қарыз алушы жүгінген кезде банк омбудсманымен өзара іс-қимыл жасасуға жəне банк омбудсманы қарызға байланысты сұратқан кез келген ақпарат пен мəліметтерді беруге міндетті.
3. Өкілдер кеңесі осы Заңның 40-2-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сəйкестігі тұрғысынан уəкілетті органмен келісілген кандидаттар қатарынан банк омбудсманын сайлауды жүзеге асырады. Өкілдер кеңесі:
1) жеке тұлғаларға банктік қарыздар беретін əрбір банктен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан;
2) əділет органдарында тіркелген жəне қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын іске асыруға жəне қорғауға бағытталған қызметті жүзеге асыратын тұтынушылардың қоғамдық бірлестігінің қауымдастығы (одағы) жəне (немесе) тұтынушылардың республикалық қоғамдық бірлестігі болған жағдайда, олардан;
3) əділет органдарында тіркелген жəне банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің ортақ мүдделерін білдіруге жəне қорғауға бағытталған қызметті жүзеге асыратын қаржы ұйымдарының қауымдастығынан (одағынан);
4) уəкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен бір - бір өкілден қалыптастырылады.
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз операциясын жүзеге асыру құқығына лицензия алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде банк омбудсманының өкілдер кеңесінің құрамына кіруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген қауымдастықтар (одақтар) əділет органдарында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде банк омбудсманының өкілдер кеңесінің құрамына кіруге міндетті.
4. Банк омбудсманы үш жыл мерзімге сайланады.
Банк омбудсманын сайлау, оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату жəне жүзеге асыру тəртібі осы Заңда жəне уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Бір адам банк омбудсманы болып қатарынан екі реттен көп сайлана алмайды.
5. Өкілдер кеңесінің құзыреті:
1) банк омбудсманы лауазымына сайлау үшін кандидатуралар ұсыну, дауыс беру тəртібін айқындау;
2) құрылымы мен штатын (банк омбудсманының офисін) бекіту;
3) банк омбудсманының қызметін қаржыландыру тəртібін айқындау;
4) уəкілетті органмен келісу бойынша банк омбудсманының ішкі қағидаларын бекіту;
5) уəкілетті орган жүргізген, банк омбудсманының əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) қарыз алушы - жеке тұлғалардың шағымдарына талдау жасаудың жəне банк омбудсманының есептерін қараудың қорытындылары бойынша банк омбудсманына оның қызметін жетілдіру жөнінде ұсынымдар беру;
6) өкілдер кеңесі мүшесінің (мүшелерінің) осы баптың 7-тармағында көзделген негіздер бойынша банк омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішхатын қарау;
7) банк омбудсманының шешімдерін есепке алу, қарау, қабылдау жəне орындау тəртібін уəкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
8) осы Заңға сəйкес банк омбудсманының қызметін жүзеге асыруға байланысты өзге де мəселелер.
6. Егер өкілдер кеңесінің отырысына қатысқан өкілдер кеңесінің мүшелері жиынтығында жалпы дауыс санының елу жəне одан да көп пайызын иеленсе, осы отырыс - заңды, ал кворум талаптары сақталды деп танылады.
Банк омбудсманы кеңестің отырысына қатысқан өкілдер кеңесі мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады. Өкілдер кеңесінің əрбір мүшесінің дауыс беру кезінде бір дауысы болады. Дауыстар тең болған кезде уəкілетті орган өкілінің дауысы шешуші болып табылады.
Банк омбудсманын сайлау мəселесі бойынша дауыс беру жасырын тəсілмен жүзеге асырылады. Дауыс беруге арналған бюллетеньде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) банк омбудсманы лауазымына сайлау үшін ұсынылған кандидаттың тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе);
2) кандидаттың осы Заңның 40-2-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сəйкестігін растайтын ақпарат;
3) кандидаттың банктерде, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда жəне (немесе) коллекторлық агенттіктерде, уəкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде қызмет атқаруы туралы, банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жəне (немесе) коллекторлық агенттіктерге үлестес болу белгілерінің бар-жоғы туралы, уəкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшысы немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ уəкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымында жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) жəне (немесе) жекжаттары туралы мəліметтер;
4) мəселе бойынша «жақтаймын» немесе «қарсымын» деген сөздермен білдірілген дауыс беру нұсқалары.
7. Банк омбудсманының өкілдер кеңесі банк омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды мынадай негіздер бойынша жүзеге асырады:
1) банк омбудсманының осы Заңның 40-2-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмеуінің анықталуы;
2) банкте, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда жəне (немесе) коллекторлық агенттікте, уəкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде кез келген қызметті атқару, банк омбудсманының банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жəне (немесе) коллекторлық агенттіктерге үлестес болу белгілерінің болуы, банк омбудсманының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) жəне (немесе) жекжаттарының уəкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшысы немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ уəкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымын атқаруы;
3) осы Заңның жəне банк омбудсманының ішкі қағидаларының талаптарын бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан да көп рет) бұзу.
Банк омбудсманының өкілеттігін өз бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтату өкілдер кеңесін жазбаша хабардар ету негізінде жүзеге асырылады.
Өкілдер кеңесіне жазбаша хабарлама банк омбудсманының ішкі қағидаларында белгіленген тəртіппен өкілеттігі тоқтатылғанға дейін кемінде бір ай бұрын ұсынылады.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 40-2-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
40-2-бап. Банк омбудсманына қойылатын талаптар
1) жоғары экономикалық жəне (немесе) заңгерлік білімі жоқ;
2) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жəне (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу саласындағы жұмыс өтілі бес жылдан аз;
4) уəкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, банк акцияларын мəжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басшы қызметкері болған адам банк омбудсманы ретінде сайлау үшін ұсынылмайды. Осы талап уəкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, банк акцияларын мəжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін үш жыл бойы қолданылады;
5) сот Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тəртіппен əрекетке қабілетсіз немесе əрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
6) психикалық мінез-құлқының, оның ішінде психикаға белсенді əсер ететін заттарды тұтынудан туындаған бұзылушылығы (аурулары) бойынша психикалық денсаулық сақтау қызметі ұйымдарында динамикалық байқауда тұрған адам банк омбудсманы ретінде сайлау үшін ұсынылмайды.
2. Банк омбудсманы банкте, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда жəне (немесе) коллекторлық агенттікте, уəкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде кез келген қызметті атқаруға, банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жəне (немесе) коллекторлық агенттіктердің үлестес тұлғасы болуға, уəкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшысы немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ уəкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымында жұмыс істейтін жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) жəне (немесе) жекжаттарының болуына құқылы емес.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 40-3-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
40-3-бап. Банк омбудсманының шешімдер қабылдау тəртібі
1. Банк омбудсманы шешімді жеке-дара қабылдайды жəне оны дауға қатысушы тараптардың назарына жазбаша нысанда жеткізеді.
Банк омбудсманы шешімдер қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын жəне жасалған шарттардың талаптарын басшылыққа алады.
1) сот қарауға қабылдаған жəне (немесе) олар бойынша заңды күшіне енген сот актісі бар;
2) жүгінуші адам банктік қарыз шарты шеңберінде туындаған жағдайды реттеу мақсатында өзінің банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаға жүгінуінің жазбаша дəлелдемесін ұсынбаған;
3) істің жаңа мəн-жайлары болмаған кезде қайтадан жіберілген жолданымдарды қарамайды.
3. Банк омбудсманының шешімі жеке тұлға оны қабылдаған жағдайда банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, қарыз алушы - жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға үшін міндетті.
Банк омбудсманы осы Заңның 40-1-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көзделген жағдайларда жеке тұлғалардың өтініштерін қарауды жəне шешімдер қабылдауды өтеусіз жүзеге асырады.
Өтінішті қарау нəтижелері банк омбудсманы қол қоятын хаттамамен ресімделіп, жеке тұлғаның жəне банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның назарына жеткізіледі.
Хаттамада мыналар қамтылуға тиіс:
1) қол қойылған күні мен орны;
2) банк омбудсманының тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе);
3) өтініш беруші-жеке тұлғаның тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), байланыс телефонының нөмірі, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, қарыз алушы - жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның атауы, олардың мекенжайлары мен деректемелері;
4) даудың нысанасы немесе жеке тұлғаның мəлімделген талабы;
5) банк омбудсманы анықтаған істің мəн-жайлары;
6) өтініш беруші - жеке тұлғаның өтінішін толық не ішінара қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы банк омбудсманының шешімі;
7) банк омбудсманының шешімін орындау мерзімі;
8) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, қарыз алушы - жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның шешімді орындау нəтижелері туралы хабар беру мерзімі.
4. Қарыз алушы - жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары жөніндегі міндеттемелерді орындау талаптарын өзгертуге қатысты жолданымдары бойынша банк омбудсманы тараптардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуіне жəне банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау талаптарын өзгерту жөнінде тараптар келіскен шешімнің қабылдануына жəрдемдеседі.
Мүдделі тарап банк омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда сотқа жүгінуге құқылы.
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға банк омбудсманының шешімін ол белгілеген мерзімде орындамаған жағдайда, банк омбудсманы бұл туралы уəкілетті органға бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабар беруге міндетті.
Егер тараптардың келісімі бойынша өзге мерзім белгіленбесе, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның банк омбудсманының шешімін орындау мерзімі күнтізбелік отыз күнді құрайды.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 40-4-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
40-4-бап. Банк омбудсманының қызметі
1. Банк омбудсманының қызметі, оның ішінде дауларды шешу бойынша жолданымдарды қарау жəне шешімдер қабылдау тəртібі мен мерзімдері банк омбудсманының ішкі қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
2. Жүктелген функцияларды тиісінше орындау мақсатында банк омбудсманының қызметі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген коллекторлық агенттіктердің міндетті жарналары есебінен қаржыландырылады.
Міндетті жарналар төленбеген, уақтылы төленбеген не толық көлемде төленбеген жағдайда, банк омбудсманы оларға міндетті жарналарды төлеу туралы хабарлама жіберілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уəкілетті органға банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген коллекторлық агенттіктің осы тармақта көзделген өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы хабар береді.
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген коллекторлық агенттік банк омбудсманының офисіне міндетті жарналарды банк омбудсманының ішкі қағидаларында айқындалған мерзімдерде жəне тəртіппен төлеуге міндетті.
3. Банк омбудсманы өкілдер кеңесімен келісу бойынша ұйымдық құрылымы мен штаты бар офис құрады.