(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕР ЖӘНЕ БАНК ҚЫЗМЕ...

Предыдущая страница

2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізу;

3) директорлар кеңесінің отырысын шақыру;

4) өз есебінен банкке аудиторлық ұйымның аудит өткізуі мәселелері бойынша акционерлердің шешім қабылдауын көздейтін олардың арасында жасалған келісім негізінде әрекет ететін және банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) немесе дауыс беретін акцияларының жиынтығы он және одан да көп пайызы өздеріне тиесілі акционерлер банктің ірі қатысушылары, банк холдингтері болып табылмайды.

13. Банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес және одан астам пайызын иеленетін немесе банк акцияларының жиырма бес және одан астам пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:

1) банк қабылдайтын шешімдерге өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;

2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;

3) олардың бірі басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;

4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға банк акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар бірлесіп банк холдингі болып табылатын тұлғалар деп танылады.

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 14-тармақ өзгертілді

14. Осы баптың талаптарына сәйкес банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену үшін берілген өтініш бойынша шешімді уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін елу жұмыс күні ішінде қабылдауға тиіс.

Банк ашуға рұқсат алу шеңберінде берілген банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін беру туралы өтінішті уәкілетті орган банк ашуға рұқсат беруге арналған өтінішті қарау үшін белгіленген мерзімдерде қарайды.

Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу шеңберінде берілген банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін беру туралы өтінішті уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруге өтінішті қарау үшін белгіленген мерзімдерде қарайды.

Уәкілетті орган өтініш берушіні өз шешімінің нәтижелері туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті, бұл ретте тиісті мәртебені иеленуге келісім беруден бас тартылған жағдайда жазбаша хабарламада бас тарту негіздері көрсетіледі.

Уәкілетті орган тұлғаның банк холдингі мәртебесін иеленуіне келісім берген кезде, бір мезгілде банк капиталына қомақты қатысуына не еншілес банк құруына (иеленуіне) рұқсат береді.

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15-тармақ өзгертілді; 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 15-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

15. Уəкілетті орган банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мəртебесін иеленуге келісімді:

1) келісім беруге негіз болған мəліметтердің анық еместігі;

2) өтініш беруші ірі қатысушы немесе банк холдингі мəртебесін иелену нəтижесінде Қазақстан Республикасының бəсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайларда кері қайтарып алуға құқылы.

Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мəртебесін иеленуге келісімді кері қайтарып алу кезінде уəкілетті орган келісімді кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды.

Келісім кері қайтарылып алынған жағдайда, мұндай шара қолданылатын тұлға осындай келісім кері қайтарылып алынған күннен бастап алты ай ішінде банктің өзіне тиесілі акцияларының санын ірі қатысушы мəртебесін иеленуге уəкілетті органның рұқсатын алу талап етілмейтін деңгейге дейін азайтуға жəне растайтын құжаттарды уəкілетті органға ұсынуға міндетті.

Осы бапқа сəйкес берілген келісім кері қайтарып алынған тұлға банктің акцияларын үшінші тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқылы емес.

Уəкілетті орган өздеріне қатысты тиісті келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдаған тұлғалар осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда, уəкілетті орган осы тұлғалардың уəкілетті органның талаптарын орындауы үшін сотқа жүгінуге құқылы.

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 16-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

16. Егер тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмастан банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келген болса, ол банктің басшылығына немесе саясатына ықпал етуге бағытталған ешқандай әрекеттер жасауға және (немесе) осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алғанға дейін осындай акциялар бойынша дауыс беруге құқылы емес.

Көрсетілген жағдайда банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін тұлға оның банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетіні өзіне белгілі болған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

Егер осы тұлға акцияларды көрсетілген мерзімде иеліктен шығарғысы келмесе ғана оның банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетіні оған белгілі болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға тиісті мәртебені иелену туралы өтініш табыс етіледі. Акцияларды иеліктен шығару туралы шешім қабылдау туралы ақпарат осындай шешім қабылданған күннен бастап дереу уәкілетті органға ұсынылады.

Уәкілетті орган банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін тұлғаға келісім беруден бас тартқан жағдайда, көрсетілген тұлға жазбаша хабарлама алған кезден бастап алты айдың ішінде өзіне тиесілі банк акцияларының санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.

17. Егер уәкілетті органға тұлғаның банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетінін немесе банктің акцияларын тікелей, жанама иеленуші болып табылатынын немесе келісімнің негізінде немесе өзгеше түрде осы Заң талаптарына сәйкес уәкілетті органның келісімінсіз, банктің осы бапта белгіленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегі акцияларымен дауыс беруге мүмкіндігі бар екенін көрсететін мәліметтер белгілі болса, ол жеке және заңды тұлғалардан ақпарат табыс етуді талап етуге құқылы. Ақпарат оны иеленетін кез келген тұлғадан, сондай-ақ осы тұлғалардың бақылауында болатын ұйымдардан талап етілуі мүмкін.

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 18-тармақ өзгертілді

18. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі банктің өзіне тиеселі тікелей немесе жанама иеленетін немесе тікелей не жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар акциялары санының орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасын өзгерту туралы, мұндай өзгеріс банктің немесе банк холдингінің меншікті акцияларды өзге акционерлерден сатып алуы салдарларынан болған жағдайларды қоспағанда, шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, растайтын құжаттарды табыс ете отырып, уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне тиесілі банк акцияларының саны (пайыздық немесе абсолюттік мәнінде) банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының санына және (немесе) банктің дауыс беретін акцияларының санына қатысты ұлғаю жағына қарай өзгерген жағдайда банктің ірі қатысушысы, банк холдингі уəкілетті органға банктің акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражаттың көздері туралы (пайда болуы туралы) мəліметтерді осы мəліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп ұсынуға тиіс. Банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар банктің акцияларын қосымша сатып алу үшін пайдалануы мүмкін қаражат көздері осы баптың 3-1-тармағында көрсетілген.

Банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің өтініші бойынша банк акцияларының саны банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне тиесілі он немесе жиырма бес пайыздан кем болатын санға дейін өзгерген жағдайда не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді дербес анықтаған жағдайда, уәкілетті органның бұрын берілген жазбаша келісімінің күші уәкілетті орган көрсетілген өтінішті алған не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді анықтаған күннен кейінгі күннен бастап жойылды деп саналады.

Жеке тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысы өзіне тиесілі акциялар санын банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк иеленген акциялар шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызына дейін ұлғайтқан жағдайда, құжаттарға қосымша ретінде және осы тармақта көрсетілген мерзімдерде таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады, оған қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.

19. Банк және банк холдингі өздерінің барлық ірі қатысушыларының немесе банк холдингтерінің (банк үшін) оларға тиесілі орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) немесе банктің немесе банк холдингінің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің санын, сондай-ақ олардың пайыздық арақатынасын көрсете отырып, тізімін есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей уәкілетті органға тоқсан сайын табыс етіп отыруға міндетті.

20. Банктер өзінің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының он және одан астам пайызын иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы осындай факт анықталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

21. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен Заң 17-2-баппен толықтырылды; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 17-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

17-2-бап. Банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің сатып алу ерекшеліктері

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы Заңның 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің жарияланған акцияларын Үкімет не ұлттық басқарушы холдинг сатып алатын акцияларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің орналастырылған акциялардың жалпы санының он пайызынан кем емес мөлшерде сатып алу мүмкіндігін қарайды.

Уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің банктің жарияланған акцияларын орналастырылған акциялардың жалпы санының он пайызынан кем емес мөлшерде сатып алу мүмкіндігі туралы ұсынысы қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің акцияларын сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Банк акцияларына мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органға тіркеледі.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің банк акцияларын сатып алу туралы шешімі мыналарды:

банктің жарияланған орналастырылмаған немесе сатып алынған акциялары болмаған жағдайда не олардың саны жеткіліксіз болғанда, банктің жарияланған акцияларының жалпы саны соншама ұлғайтылатын акциялар санын;

мәжбүрлеп орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың орналастыру (өткізу) бағасын және санын қамтуға тиіс.

3. Мәжбүрлеп орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың орналастыру (өткізу) бағасы және саны ұлттық басқарушы холдингтің не Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органның келісімі бойынша уәкілетті органның қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен, акцияларды орналастыру (өткізу) туралы шешім қабылданған күні қалыптасқан нарықтық баға бойынша айқындалады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органның не ұлттық басқарушы холдингтің бастамасы бойынша акцияларды орналастыру бағасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындауы мүмкін.

Акцияларды орналастыру бағасын бағалаушы айқындаған жағдайда бағалаумен байланысты шығындарды банк көтереді.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің жарияланған акцияларын сатып алу және оларды ұлғайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер енгізеді;

2) проспектіге өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) банкке акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жібереді және орталық депозитарийді жарияланған акциялар санының ұлғайтылғаны жөнінде хабардар етеді.

Банк акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алған күннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы бұрын берілген куәліктің тұпнұсқасын қайтаруға міндетті.

5. Банк акцияларын сатып алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік орган не ұлттық басқарушы холдинг құрамның отыз пайызынан аспайтын санда банктің атқарушы органының және (немесе) басқару органының мүшелерін тағайындайды, олар мемлекеттің немесе ұлттық басқарушы холдингтің мүдделерін білдіретін өкілдер болып табылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік орган не ұлттық басқарушы холдинг банктің лауазымды адамдарын немесе қызметкерлерін ауыстыру, банк активтерін оңтайландыру, жарғылық капиталды ұлғайту туралы мәселелерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өзге де мәселелерді қарау үшін банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырады.

5-1. Қазақстан Республикасының Үкiметi не ұлттық басқарушы холдинг банктің жарияланған акцияларын сатып алған кезден бастап осы банктің еншілес ұйымдарына қатысты шешімдерді банктің директорлар кеңесі қабылдайды.

6. Банктің пруденциалдық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді орындауына алып келген, оның қаржылық жай-күйі жақсарған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің осы бапқа сәйкес сатып алынған акцияларын тікелей атаулы сату жолымен не қор биржасында сауда-саттық жолымен өткізу жөнінде шаралар қолданады.

Банктің осы бапқа сәйкес сатып алынған акцияларын өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

7. Банктің жарияланған акцияларының санын ұлғайту, банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің сатып алуы, сондай-ақ осы баптың негізінде банктің атқарушы органының және (немесе) басқару органының мүшелерін тағайындау банк органдарының шешім қабылдауынсыз жүзеге асырылады.

Акционерлердің банктің осы баптың 1-тармағына сәйкес орналастырылатын (өткізілетін) жарияланған акциялары бойынша басымдықпен сатып алу құқығы жоқ.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 18-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

18-бап. Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлердiң еншiлес банк құру ерекшелiктерi

1. Рейтинг агенттiктерi бірiнiң белгiлi бір рейтингi бар Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлер еншiлес банкiге еншi берушi банк бола алады. Негiзгi рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi мен талап етiлетiн ең төменгi рейтингтi уәкiлеттi орган белгiлейдi.

2. алынып тасталды

11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 19-бап өзгертiлдi

19-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiш

1. Заңды тұлға немесе жеке тұлға банк ашуға рұқсат беру жөнiнде уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға құқылы.

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Банк ашуға рұқсат беру туралы өтініш уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша беріледі.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішке мынадай құжаттар мен мəліметтер:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен ресімделген құрылтай жиналысы хаттамасының (жалғыз құрылтайшы шешімінің) көшірмесі;

2) банктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі он пайыздан аз болатын құрылтайшылар - жеке жəне заңды тұлғалар (уəкілетті орган айқындаған тізбе бойынша) туралы мəліметтер, оның ішінде құрылтайшы - заңды тұлғаның аудиторлық есептермен расталған соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің (құрылтайшы - заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелері, сондай-ақ өтініш беру күнінің алдындағы соңғы аяқталған тоқсандағы құрылтайшы - заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің көшірмесі қоса берілуге тиіс.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 маусымы аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда, құрылтайшы - заңды тұлға өтініш беру күнінің алдындағы соңғы аяқталған қаржы жылындағы жəне соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептіліктің (құрылтайшы - заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жылдағы аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептіліктің (құрылтайшы - заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады.

Осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік:

қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында осы қаржылық есептілік немесе уəкілетті органның оны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болған кезде;

құрылтайшы - заңды тұлға Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы болып табылған жəне осы қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымының немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орналастырылған жəне қолжетімді болған жағдайларда ұсынылмайды;

3) осы Заңның 11-1-бабында көзделген тəртіппен құжаттар мен мəліметтер;

4) осы Заңның 17-1-бабының 3-тармағында көрсетілген банкхолдингі немесе банктің ірі қатысушысы мəртебесін иелену туралы өтінішті жəне осы Заңның 17-1-бабының 4-тармағының 1) тармақшасында, 5-тармағының 1) тармақшасында жəне 7-1-тармағында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мəртебесін алуы қажет болған жағдайда, осы Заңның 17-1-бабында көзделген тəртіппен құжаттар мен мəліметтер;

5) құрылатын банктің акцияларын сатып алу (жарғылық капиталын төлеу) үшін жеке тұлға пайдаланатын қаражат көздерін (пайда болуын) растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.

Құрылатын банктің акцияларын сатып алу (жарғылық капиталын төлеу) үшін жеке тұлға пайдалануы мүмкін қаражат көздері осы Заңның 17-1-бабының 3-1-тармағында көрсетілген;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен ресімделген құрылтай шартының нотариат куəландырған көшірмесі;

7) адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың жəне оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Аудиторлық ұйымның есебi:

ол акционерлер мен олардың лауазымды адамдарынан тәуелсiз екендiгiн;

ол аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның қаржы ұйымдарының міндетті аудитін жүргізу жөніндегі лицензиясына және біліктілік талаптарына сәйкес не резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясына сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екенін растайтын құжаттарды табыс еткен жағдайда ғана жарамды деп танылады.

5. уәкiлеттi орган банк ашуға рұқсат беру жөнiнде шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша ақпарат немесе құжаттар сұратуға құқылы.

6. Өтiнiш берушi банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiштi ол уәкiлеттi органда қаралып жатқан кез келген сәтте қайтарып алуы мүмкiн.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 12.08.97 ж. № 200-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 20-бап өзгертiлдi; 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр. ред. қара) (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді); 2008.20.11. № 88-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 20-бап өзгертiлдi; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2012 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20-бап өзгертілді; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

20-бап. Банктің және банк холдингінің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Банктің басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органының басшысы, оның орынбасары және атқарушы органының мүшелері, банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығына ие өзге де басшылары, бас бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары банктің басшы қызметкерлері деп танылады.

 Банктің оқшауланған бөлімшелерінің бірінші басшылары және олардың бас бухгалтерлері, сондай-ақ банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар және бір ғана құрылымдық бөлімшенің қызметін бақылауды жүзеге асыратын адамдар банктің басшы қызметкерлері болып табылмайды.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшысы және оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалы құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығына ие өзге де басшылары, бас бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері болып танылады. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының кемінде екі басшы қызметкері Қазақстан Республикасының резиденті болуға тиіс.