«Кеме құжаттарының тізбесін, Кеме құжаттарын жүргізу қағидаларын және Кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 163 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 24 қазандағы № 737 бұйрығы

«Кеме құжаттарының тізбесін, Кеме құжаттарын жүргізу қағидаларын және Кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 163 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 24 қазандағы № 737 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кеме құжаттарының тізбесін, Кеме құжаттарын жүргізу қағидаларын және Кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 163 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10649 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 шілдеде жарияланған,) мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген кеме құжаттарының тізбесінде:

мынадай мазмұндағы 19 және 20-тармақтармен толықтырылсын:

«19. Жүк операцияларының журналы (құйылған зиянды сұйық заттарды тасымалдайтын кемелер үшін).

20. Қалдықтарды жою үшін басқару жоспары (100 тіркелімдік тонна және одан да көп жалпы сыйымдылығы бар әрбір кеме, 15 және одан да көп адам тасымалдауға рұқсат берілетін, әрбір кеме, стационарлық және құбылмалы платформалар).»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеме құжаттарын жүргізу ережелерінде:

73, 74 және 75-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«73. Теңізге, жағадағы қабылдау құрылыстарына немесе басқа кемеге тастауды қоса алғанда, тастаудың немесе аяқталған өртеудің әрбір операциясын журналға жазып отыру керек және өртеген немесе лақтырған күнін көрсете отырып, командалық құрамның жауапты адамы қол қоюы тиіс. Журналдың әрбір толтырылған бетіне кеменің капитаны қол қоюы тиіс.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.