«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының «Биржа саудасының қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 және «Тауар биржалары мәмілелері бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын және Тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2015 жылғы 25 қарашадағы № 729 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 264-НҚ бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының «Биржа саудасының қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 және «Тауар биржалары мәмілелері бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын және Тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2015 жылғы 25 қарашадағы № 729 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 264-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Биржа саудасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10993 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биржа саудасының қағидаларында:

19-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) биржалық сауда-саттыққа қатысу процесінде автоматтандырылған алгоритмдерді қолдану кезінде тауар биржасы мүшесінің осы Қағидалардың 9-тарауында белгіленген талаптарды бұзу фактісі анықталған жағдайда;»;

20-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) аккредиттеуді тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықты жою және тауар биржасы мүшесінің биржалық сауда-саттыққа қатысу процесінде автоматтандырылған алгоритмдерді қолдану кезінде осы Қағидалардың 9-тарауында белгіленген талаптардың алдағы уақытта бұзылуына жол бермеу жөнінде қабылданған шаралар туралы жазбаша түсіндірме ұсынуы;»;

21-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) осы Қағидалардың 20-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес аккредиттеу қайта басталғаннан кейін биржалық сауда-саттыққа қатысу процесінде автоматтандырылған алгоритмдерді қолдану кезінде тауар биржасы мүшесінің осы Қағидалардың 9-тарауында белгіленген талаптарды бұзуы қайта анықталған жағдайда;»;

57-тармақ мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.