2. Талап қоюдан бас тартылған жағдайда талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар шешім заңды күшіне енгенге дейін сақталады. Сот шешімнің заңды күшіне енуімен бірге талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы ұйғарым шығарады. Талап қою қанағаттандырылған кезде оны қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған шаралар сот шешімі орындалғанға дейін өзінің қолданысын сақтайды. Қамтамасыз ету шараларының күшін жою туралы мәселе бойынша атқару парағы жазылмайды.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 2-1-бөлікпен толықтырылды
2-1. Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған, талап қою қараусыз қалдырылған, сондай-ақ талап қою қайтарылған жағдайларда талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған шаралар сот ұйғарымы заңды күшіне енгенге дейін өз күшін сақтайды.
3. Қаржы ұйымын немесе банк конгломератына бас ұйым ретінде кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау туралы істі қарайтын сот қаржы ұйымына немесе банк конгломератына бас ұйым ретінде кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға және (немесе) оның мүлкіне қатысты қайта құрылымдау жүргізу туралы шешім шығарылғанға дейін сот қабылдаған талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жоюға міндетті.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 161-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
161-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйғарымдарға шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіруі
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйғарымдарға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.
2. Егер талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым шағым берген адамға хабарланбай шығарылса, шағым беру үшін мерзім оған осы ұйғарым туралы белгілі болған күннен бастап есептеледі.
3. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымға жеке шағым беру осы ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрмайды.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы немесе талап қоюды қамтамасыз ету шарасының бірін басқасымен ауыстыру туралы жеке шағым беру, прокурордың өтінішхат келтіруі ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрады.
5. Қабылданған ұйғарымға қатысты материал істен бөлініп алынып, жеке шағыммен бірге апелляциялық сатыдағы сотқа жіберіледі.
162-бап. Жауапкерге талап қоюды қамтамасыз етумен келтірілген залалдарды өтеу
1. Сот талап қоюды қамтамасыз етуге жол бере отырып, талап қоюшыдан жауапкер үшін ықтимал болатын залалдарды қамтамасыз етіп беруді талап етуі мүмкін. Ықтимал залалдарды қамтамасыз ету соттың ұйғарымында көрсетілген соманы уәкілетті органның депозитіне енгізу арқылы жүргізіледі.
2. Жауапкер талап қоюдан бас тартылған шешім заңды күшіне енгеннен кейін, талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шара қабылдау туралы талапты мәлімдеген адамға оның арызы бойынша қабылданған шаралармен келтірілген залалдарды өтеу туралы талап қоюға құқылы.
16-тарау. ІСТІ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНА ДАЙЫНДАУ
163-бап. Істі дайындаудың міндеттері
1. Арыз соттың іс жүргізуіне қабылданғаннан және азаматтық іс қозғалғаннан кейін судья оны уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатында істі сотта талқылауға дайындауды жүргізеді. Судья істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарады және жасауға тиіс әрекеттерді көрсетеді.
2. Әрбір іс бойынша міндетті болатын азаматтық істі сот талқылауына дайындау міндеттері:
1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау;
2) тараптардың құқықтық қатынастарын және сот басшылыққа алуға тиіс заңды айқындау;
3) іске қатысатын адамдардың құрамы туралы мәселені шешу және оларға сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарлау;
4) әрбір тараптың өз талаптарын немесе қарсылықтарын негіздеуі үшін ұсынылуға тиіс дәлелдемелерді айқындау;
5) тараптарды татуластыруға жәрдемдесу болып табылады.
164-бап. Істі сот талқылауына дайындаудың мерзімдері
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау, егер осы Кодексте және басқа да заңдарда өзгеше белгіленбесе, талап қою соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
Алименттерді өндіріп алу туралы, денсаулықтың зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы, сондай-ақ асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты істерден басқа, аса күрделі істер бойынша айрықша жағдайларда және еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша істі сот талқылауына дайындау үшін берілген мерзім өткеннен кейін бұл мерзім судьяның ұйғарымы бойынша қосымша бір айға ұзартылуы мүмкін.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды; 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 1-1-бөлік өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Осы Кодекстің 27-бабының 1-2-бөлігінде көзделген даулар бойынша азаматтық істерді сот талқылауына дайындау талап қою соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Аса күрделі істер бойынша бұл мерзім судьяның ұйғарымы бойынша бір айға қосымша ұзартылуы мүмкін.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Істі сот талқылауына дайындау мерзімін ұзарту туралы ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.
165-бап. Судьяның істі сот талқылауына дайындау жөніндегі әрекеттері
Істің мән-жайларын ескере отырып, істі сот талқылауына дайындау тәртібімен судья мынадай әрекеттерді жасайды:
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) талап қоюды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жауапкерге және үшінші тұлғаларға талап қоюдың және оған қоса берілген, талап қоюшының талаптарын негіздейтін құжаттардың көшірмелерін осы Кодекстің 11-тарауында көзделген тәртіппен жібереді не табыс етеді, сондай-ақ жауапкерді дәлелдерді негіздейтін дәлелдемелерді қоса бере отырып, талап қоюшы мәлімдеген талаптарға жазбаша пікірді белгіленген мерзімде ұсынуға міндеттейді;
2) егер жауапкер немесе іске қатысатын басқа да тұлғалар сотқа талап қоюға қоса берілген құжаттарды алмағандығы туралы мәлімдеген жағдайда, сот олармен сотта таныстыруды қамтамасыз етеді, ал осы адамдардың тапсыру туралы өтінішхаты болған жағдайда талап қоюшыны көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндеттейді;
3) тараптарға олардың процестік құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, ұсынылған процестік құжаттар және тараптар өзара даулайтын мән-жайлар бойынша түсіндірмелер беруді ұсынады;
4) тараптарға дәлелдемелерді сот белгілеген мерзімде уақтылы ұсынбаудың және процесті негізсіз созудың осы Кодексте белгіленген құқықтық салдарын түсіндіреді;
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) тараптарға дауды татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен шешу не дауды шешу үшін төрелікке, «Астана» халықаралық қаржы орталығының сотына жүгіну құқығын және олардың құқықтық салдарын түсіндіреді;
6) кәмелетке толмаған талап қоюшының немесе жауапкердің заңды өкілдеріне олардың істі соттылығы бойынша баланың тұрғылықты (тұрған) жері бойынша аудандық және оған теңестірілген сотқа беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығын түсіндіреді;
7) іске қатысатын адамдардың құрамы туралы, оның ішінде үшінші тұлғалардың іске кіруі туралы мәселені шешеді, сондай-ақ тиісті емес жауапкерді алмастыру туралы мәселені шешеді;
8) осы іс бойынша сот талқылауының аяқталуына мүдделі адамдарды сотқа талап қоюдың келіп түскені туралы хабардар етеді;
9) тараптың өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша сараптама тағайындайды, сондай-ақ іске қатысуға маманды, аудармашыны тарту туралы мәселені шешеді;
10) куәларды сот отырысына шақыру туралы мәселені шешеді;
11) өтінішхат бойынша тараптар азаматтарды және заңды тұлғаларды істі дұрыс қарау және шешу үшін маңызы бар дәлелдемелерді ұсынуға міндеттейді, осы Кодекстің 73-бабының жетінші бөлігінде белгіленген құқықтық салдарды түсіндіреді;
12) кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда, іске қатысатын адамдарға хабарлай отырып, жазбаша және заттай дәлелдемелерді сол жерде тексеріп қарайды;
13) сот тапсырмаларын жібереді;
14) талап қоюшының арызы бойынша ол берген талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығарады;
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) егер тараптар арасында сотқа дейін реттеу тәртібімен партисипативтік рәсім жүргізілген жағдайда не талап қоюды қабылдаған кезде сотқа дейінгі хаттамада көрсетілген дәлелдемелер өзара ашылса және ұсынылса, тараптарды партисипативтік рәсімді жүргізу барысында алынған немесе сотқа дейінгі хаттамада көрсетілген құжаттар мен дәлелдемелерді ұсынуға міндеттейді; талап қоюшыдан ол мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауап алады, одан ол даулап отырған фактілерді, жауапкер тарапынан ықтимал қарсылықтарды анықтайды, егер бұл қажет болса, қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, тараптарға олардың процестік құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
16) істі дұрыс әрі уақтылы қарау және шешу үшін өзге де қажетті процестік әрекеттерді жасайды.
166-бап. Талап қоюға пікір
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жауапкер талап қоюға қатысты дәлелдерді теріске шығаратын құжаттарды, сондай-ақ пікірдің және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп, талап қоюға пікірді сотқа ұсынады. Судья үш жұмыс күні ішінде пікірдің және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін талап қоюшыға және іске қатысатын басқа да адамдарға жібереді не ұсынады.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Пікір талап қоюдың көшірмелерін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
3. Талап қоюға пікірді талап қоюшы мәлімдеген талапқа мүдделерінің қатысы бар іске қатысатын өзге тұлғалар да ұсынуға құқылы.
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Пікірде:
1) талап қоюшының атауы, оның орналасқан жері немесе тұрғылықты жері;
2) жауапкердің атауы, оның орналасқан жері; егер жауапкер азамат болып табылса, онда оның тұрғылықты жері көрсетіледі;
3) оларды негіздейтін дәлелдемелерге сілтеме жасала отырып, мәлімделген талаптардың мәні бойынша дәлелдер;
4) пікірге қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетіледі.
Өкіл ұсынатын және қол қойған пікірде, осы бөліктің 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген талаптардан басқа, қарсылықтар соған сәйкес негізделген дәлелдемелерге және заң нормасына сілтеме болуға тиіс. Пікірде істі дұрыс және уақтылы қарауға қажетті телефондардың, факстердің нөмірлері, электрондық поштаның мекенжайлары мен өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
5. Жауапкердің пікірді және дәлелдемелерді ұсынбауы істегі бар дәлелдемелер бойынша істі қарауға кедергі болмайды.
6. Пікірге жауапкер немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл қол қойған пікірге сенімхат немесе оның өкілеттігін растайтын өзге де құжат қоса беріледі.
Электрондық құжат нысанында берілген пікір жауапкердің немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Электрондық құжат нысанында берілетін пікірге осы бапта көрсетілген құжаттардың көшірмелері электрондық нысанда қоса беріледі.
167-бап. Бірнеше талап қою талаптарын біріктіру және ажырату
1. Егер талаптарды бөлек қарау анағұрлым орынды болса, судья талап қоюшы біріктірген талаптардың біреуін немесе бірнешеуін жеке іс жүргізуге бөліп шығарады.
2. Бірнеше талап қоюшы талап қойған немесе бірнеше жауапкерге талап қойылған кезде судья, егер талаптарды бөлек қарау анағұрлым орынды деп тапса, бір немесе бірнеше талапты жеке іс жүргізуге бөліп шығаруға құқылы.
3. Судья осы соттың іс жүргізуінде дәл сол тараптар қатысатын бірнеше ұқсас іс не бір талап қоюшының әр түрлі жауапкерге немесе әр түрлі талап қоюшының сол бір жауапкерге қойған талаптары бойынша бірнеше іс бар екенін анықтап, егер осындай біріктіруді орынды деп тапса, өзінің қалауы не тараптардың өтінішхаты бойынша осы істерді бірлесіп қарау үшін бір іс жүргізуге біріктіруге құқылы.
4. Бір талап екіншісінен бөлінгеннен кейін істі қарау мерзімі істі бөлінген талап бойынша сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап есептеледі.
Істер бір іс жүргізуге біріктірілгеннен кейін істі қарау мерзімі бұрын мәлімделген талап бойынша істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап есептеледі.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Бірнеше талап қоюды біріктіру немесе ажырату туралы ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында көрсетілуі мүмкін.
168-бап. Істі сот талқылауына дайындаған кезде іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, тоқтату және арызды қараусыз қалдыру
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодекстің 272, 273-баптарында, 277-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында және 279-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 8) және 9) тармақшаларында көзделген мән-жайлар болған кезде істі сот талқылауына дайындаған кезде ол бойынша іс жүргізу тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы не арыз қараусыз қалдырылуы мүмкін.
2. Тараптарға мұндай процестік әрекеттің салдарлары түсіндіріледі.
169-бап. Талап қоюдың нысанасын немесе негізін өзгерту, талап қою талаптарын ұлғайту немесе азайту
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Талап қоюшы қосымша процестік әрекеттерді жүргізу қажет болмаған кезде сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін жазбаша арыз беру арқылы талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға құқылы.
Талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгерту, талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайту немесе азайту туралы дауларды сотқа дейін реттеудің тәртібі сақталғаннан кейін, егер осындай тәртіп заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, мәлімделуі мүмкін.
2. Талап қоюдың нысанасы мен негізін бір мезгілде не кез келген ретпен өзгерту талап қоюшының жаңадан талап қоюын және талап қоюшының бұрын берілген талап қоюдан бас тартуын білдіреді, бұл бұрын берілген талап қоюмен іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға әкеп соғады. Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалған жағдайда талап қоюдың нысанасы мен негізін бір мезгілде не кез келген ретпен өзгертуге жол беріледі.
3. Сот талап қоюдың нысанасын немесе негізін өз бастамасы бойынша өзгертуге құқылы емес.
170-бап. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Талап қоюшы сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарға жазбаша арыз беру арқылы талап қоюдан бас тартуға құқылы.
2. Сот талап қоюдан бас тарту қабылданғанға дейін талап қоюшыға немесе тараптарға тиісті процестік әрекеттердің салдарын түсіндіреді.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Талап қоюдан бас тарту қабылданған жағдайда, сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады, оған апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.
4. Сот талап қоюшының талап қоюын осы Кодекстің 48-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша қабылдамаған жағдайда немесе осы баптың бірінші бөлігінің талаптары сақталмаған жағдайда сот істі мәні бойынша қарауды жалғастырады және талап қоюдан бас тартудың қабылданбау уәждері туралы сот шешімінде немесе қаулысында көрсетеді.
171-бап. Жауапкердің талап қоюды мойындауы
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жауапкер сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарға жазбаша арыз беру арқылы талап қоюды толық немесе оның бір бөлігін мойындауға құқылы.
2. Жауапкердің талап қоюды мойындауы сотты дәлелдемелерді зерттеу міндетінен босатады. Талап қоюдың бөлігі мойындалған жағдайда дәлелдемелерді зерттеу жауапкердің талап қоюды мойындамаған бөлігінде ғана жүргізіледі.
3. Сот талап қоюды мойындау қабылданғанға дейін талап қоюшыға, жауапкерге немесе тараптарға тиісті процестік әрекеттердің салдарын түсіндіреді.
4. Жауапкердің осы Кодекстің 48-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша талап қоюды толықтай немесе оның бір бөлігін мойындауын қабылдау туралы не осындай мойындауды қабылдамауы туралы сот шешімінде немесе қаулысында көрсетіледі.
172-бап. Алдын ала сот отырысы
1. Тараптар мен іске қатысатын басқа да тұлғалардың істі сот талқылауына дайындау, сотқа жүгіну мерзімдерін өткізіп алу фактілерін және талап қоюдың ескіру мерзімдерін зерттеу кезінде жасаған өкімдік әрекеттерін процестік тұрғыдан бекіту мақсатында істі сот талқылауына дайындауды жүргізудің нәтижелері бойынша алдын ала сот отырысы өткізіледі.
2. Тараптар мен іске қатысатын басқа да тұлғалар алдын ала сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарландырылады. Шақырылған адамдардың қайсыбірінің келмеуі алдын ала сот отырысын өткізуге кедергі болмайды.
3. Сот алдын ала сот отырысы барысында істің мән-жайларын тараптармен талқылайды, сұрақтар қояды, даулы құқықтық қатынастардың сипаты мен тараптардың татуласуына ықпал ететін мән-жайларды анықтайды. Қатысушы тараптар мен іске қатысатын басқа да тұлғалар тыңдалуға тиіс.
4. Судья істі сот талқылауына дайындау үшін тағы да талап етілетін барлық шараларды осы Кодекске сәйкес қабылдайды. Судья айрықша жағдайларда аса күрделі істер бойынша істі сот талқылауына дайындау мерзімін осы Кодекстің талаптарына сәйкес ұзартады.
5. Егер жауапкер талап қоюды бұрын белгіленген мерзімде ұсынбаса немесе пікірді талап қоюдың барлық талаптары мен негіздері бойынша ұсынбаса, сот талап қоюға жазбаша пікір беру үшін мерзім белгілейді. Соттың талап етуі бойынша пікір тікелей алдын ала сот отырысына ұсынылады.
6. Талап қоюдың ескіру мерзімін немесе сотқа жүгіну мерзімін дәлелді себептерсіз өткізіп алған жағдайда судья іс бойынша өзге де іс жүзіндегі мән-жайларды зерттемей, талап қоюдан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Мерзімді өткізіп алу фактісі талап қоюшының өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхаты немесе жауапкердің талап қоюдың ескіру мерзімін қолдану туралы өтінішхаты негізінде белгіленеді.
7. Сот талап қоюды осы Кодекстің 171-бабында белгіленген тәртіппен мойындауды қабылдаған жағдайда судья іс бойынша мән-жайларды зерттеместен, талап қоюды қанағаттандыру туралы шешім қабылдайды.
Қосымша процестік әрекеттер жүргізу немесе дәлелдемелерді зерттеу қажеттігі болмаған жағдайда, сот мәлімделген талаптардың мәні бойынша шешім шығарады.
8. Осы Кодексте көзделген негіздер болған кезде іс бойынша іс жүргізу алдын ала сот отырысында тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы, арыз қараусыз қалдырылуы мүмкін.
9. Сот отырысының хаттамасы осы Кодекстің 281-бабының екінші бөлігінде көзделген қағидалар бойынша жүргізіледі.
10. Осы Кодексте міндетті түрде қатысу белгіленген істер бойынша прокурор алдын ала отырысқа қатысады.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 173-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 173-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 173-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
173-бап. Істі сот талқылауына тағайындау
Судья істі дайын деп танып, тараптарға және іске қатысатын басқа да адамдарға істің сот отырысында қаралатын уақыты мен орны туралы хабарлайды.
Сот талқылауы оны дайындау аяқталған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
Осы Кодекстің 198-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тағайындалған сот талқылауын кейінге қалдыруға, әдетте, жол берілмейді.
17-тарау. ТАТУЛАСТЫРУ РӘСІМДЕРІ
174-бап. Тараптардың татуласуы
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Сот (судья) тараптарға татуласу рәсіміне қатысуы үшін шақыру жібере отырып, тараптардың татуласуына шаралар қабылдайды, оларға дауды процестің барлық сатысында реттеуде жәрдемдеседі.
Шақыруда тараптар татуласу рәсімі (бітімгершілік келісім, медиация, партисипативтік рәсім) шеңберінде дауды (жанжалды) шешу құқығын түсіндіре отырып, сотқа талап қоюдың келіп түскені, татуласудың артықшылықтары туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 73-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес дәлелдемелерді өзара ашу және ұсыну құқығы туралы хабардар етіледі.
Қамтамасыз ету шараларын қабылдау кезінде шақыру тиісті ұйғарым шығарылғаннан кейін жіберіледі.
2. Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Татуласу рәсімдерін қолдана отырып дауды реттеу туралы өтінішхат, егер осы Кодексте немесе заңда өзгеше көзделмесе, талап қою ісін жүргізудің кез келген ісі бойынша мәлімделуі мүмкін.
175-бап. Татуласу келісімін жасау
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін, сондай-ақ сот актісінің орындалуы кезінде жасалуы мүмкін.
2. Татуласу келісімі басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұза алмайды және заңға қайшы келмейді.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Татуласу келісімін сот (судья) бекітеді.
176-бап. Татуласу келісімінің нысаны мен мазмұны
1. Татуласу келісімі жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар немесе олардың өкілдері оларда сенімхатта арнайы көзделген татуласу келісімін жасауға өкілеттіктері болған кезде қол қояды.
2. Татуласу келісімі оларды орындау мерзімі мен тәртібі көрсетіле отырып, тараптар келіскен шарттарды қамтуға тиіс.
3. Татуласу келісімін кейінге қалдыру шартымен жасауға жол берілмейді.
4. Татуласу келісімінде кейінге қалдыру немесе ұзарту мерзімдері көрсетіле отырып, жауапкердің міндеттемелерді орындауын кейінге қалдыру немесе ұзарту, талап ету құқығын басқаға беру, борышты толық немесе ішінара кешіру не мойындау, сот шығыстарын бөлу, татуласу келісімін мәжбүрлеп орындау туралы шарттар және заңға қайшы келмейтін өзге де шарттар қамтылуы мүмкін.
Егер татуласу келісімінде сот шығыстарын бөлу туралы шарт болмаса, олар өзара өтелді деп есептеледі.
5. Татуласу келісімі татуласу келісімін жасасқан тұлғалардың санынан бір дана артық жасалады және оған қол қойылады. Татуласу келісімін бекіткен сот осы даналардың біреуін іс материалдарына қоса тіркейді.
177-бап. Соттың татуласу келісімін бекітуі
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сот тараптардың татуласу келісімін бекіту туралы өтінішхатын сот отырысында қарауы мүмкін. Іске қатысатын адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарландырылады.
Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған тараптар сот отырысына келмеген және өтінішхатты олардың қатысуынсыз қарау туралы арыз болмаған жағдайда, сот татуласу келісімін бекіту туралы өтінішхатты қарамайды.
2. Сот татуласу келісімін жасаудың құқықтық салдарын ол бекітілгенге дейін тараптарға түсіндіреді.
3. Сот қарау нәтижелері бойынша татуласу келісімін бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату не татуласу келісімін бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Егер татуласу келісімі заңға қайшы келсе немесе басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, сот оны бекітпейді. Татуласу келісімін бекітуден бас тартылған жағдайда, сот бұл жөнінде ұйғарым шығарады, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі және шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында көрсетілуі мүмкін.
5. Соттың татуласу келісімін бекіту туралы ұйғарымында:
1) татуласу келісімін бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату;
2) татуласу келісімінің шарттары және оны орындау мерзімдері;
3) осы Кодекстің 176-бабының төртінші бөлігіне сәйкес сот шығындарын бөлу;
4) талап қоюшы төлеген мемлекеттік бажды оған бюджеттен қайтару көрсетіледі.
6. Сот актісін орындау сатысында жасалған татуласу келісімі сот актісі орындалатын жердегі бірінші сатыдағы соттың немесе көрсетілген сот актісін қабылдаған соттың бекітуіне ұсынылады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 7-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)