«Екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақылар, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу жөніндегі ішкі саясатына қойылатын талаптарды және екінші деңгейдегі банктердің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының барлық басшы қызметкерлеріне төленген кірістер туралы есептіліктің нысанын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 74 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 тамыздағы № 148 Қаулысы

«Екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақылар, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу жөніндегі ішкі саясатына қойылатын талаптарды және екінші деңгейдегі банктердің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының барлық басшы қызметкерлеріне төленген кірістер туралы есептіліктің нысанын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 74 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 тамыздағы № 148 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақылар, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу жөніндегі ішкі саясатына қойылатын талаптарды және екінші деңгейдегі банктердің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының барлық басшы қызметкерлеріне төленген кірістер туралы есептіліктің нысанын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 74 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7525 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 24 мамырда № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) қаржы ұйымының әрбір басшы қызметкеріне белгіленбеген сыйақының мынадай бөліктерінің біреуін төлеуді тоқтата тұру көзделеді:

белгіленбеген сыйақының 50 (елу) пайызын құрайтын белгіленбеген сыйақының бөлігін; немесе

белгіленбеген сыйақының жиынтығында қаржы жылы ішінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 7500 еселенген мөлшерінен асатын бөлігін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.