«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті білім беру ұйымдарының курсанттарын тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 255 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 230 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті білім беру ұйымдарының курсанттарын тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды бекіту туралы» 2015 жылғы 19 наурыздағы № 255 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 12868 болып тіркелген, 2015 жылы 11 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі жарияланған) келесі өзгерістер енгізілісін:
Аталған бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі білім беру ұйымдарының курсанттары тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі нормаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі білім беру ұйымдарының курсанттары тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі қоса берілген нормалары бекітілісін.»;
Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті білім беру ұйымдарының курсанттарын тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі нормаларын осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Тылдық қамтамасыз ету департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынсын.