Жетісу облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы
Жетісу облысы мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 13-42 шешімі
(2023.31.12. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 10886 тіркелген) қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жетісу облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетісу облыстық мәслихатының
2022 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 13-42 шешіміне қосымша
Жетісу облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер