«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 949 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 67 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 болып тіркелген, «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалық) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалығы) мемлекеттік тіркеу» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) Қазақстан Респубикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі»;
9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Көрсетілетін қызметті алушы (құқық иеленуші) немесе оның өкілі (сенімхат бойынша) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мынадай:
заңды тұлға үшін уәкілеттігін растайтын құжат бойынша:
жеке тұлға үшін нотариат куәландырған сенімхат бойынша немесе оның өкілеттігін растайтын өзге де құжат бойынша:
Мемлекеттік корпорацияда:
жеке тұлғалар үшін: