«Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 30 мамырдағы № 198 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19188 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:
307-тармақтағы орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 307-1-тармақпен толықтырылсын:
«307-1. Ағымдағы ағытып жөндеу жүргізу үшін ағытылған ақаулы жүк тиелген және бос меншікті вагондардан сақтау ақысы алынбайды.»;
308-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: