«Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 145 бұйрығы (күші жойылды)

 «Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 145 бұйрығы

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 317 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы №100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11021 болып тіркелген, 2015 жылы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 98 (28576) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларында:

2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«2. Қағидалар Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган), оның аумақтық бөлімшелері мен мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізетін жергілікті атқарушы органдарының қызметін және өзара іс-әрекетін ұйымдастыру тәртібін айқындайды, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын материалдардың құрамына, мазмұнына талаптарды белгілейді.

Қағидалар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізілетін жобалардың экологиялық сараптамасына қолданылмайды.»;

3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«3. Қағидаларда келесі негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) сараптамалық органдар - уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшылық бөлімшелері;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.