«Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 97 шешімі

Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы
Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 97 шешімі

 

Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті бекітілсін.

2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қостанай облысы

Жітіқара ауданы мәслихатының

2023 жылғы 27 желтоқсандағы

№ 97 шешімімен

бекітілген

 

 

Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жітіқара ауданының аудандық маңызы бар қаласының, ауылдарының, ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

2. Осы Регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:

1) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі - жиналыс) - жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.