«Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын және оны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 84 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2019 жылғы 5 тамыздағы № 263 бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 416-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-3-бабының 13-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын және оны есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18617 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 21 мамырда электрондық түрде жарияланған) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 84 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін есептеу әдістемесінде:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ақпараттық-талдамалық телебағдарлама - көрермендер аудиториясы үшін қоғамдық маңызды қызығушылықты тудыртатын белгілі бір уақыт аралығында орын алған оқиғалардың жүйелендірілген ақпараты мен талдауын қамтитын телебағдарлама;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Тіл теңгеріміне қойылатын талаптарды сақтау нысанасында теле-, радиоарналарға мониторинг жүргізу кезінде мынадай өлшемшарттар ескеріледі: